Усиктің жары Александрмен түсірілген фотосессиясын бөлісті

Редактор Penalty.kz
16.02.2025, 15:32

Бокстан ауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усиктің жары әлеуметтік желілерде боксшымен бірге түскен әсерлі фотосессиясын жариялады. 

champion.com.ua

Екатерина жасыл желекке толы табиғат аясында, теңіз жағасында түсірілген жылы кадрларды бөлісіп, жанкүйерлеріне жүрекжарды лебізін жеткізді.  

"Әр адам өз жүрегін жалындататын жанды тапсын. Ғашықтар күні құтты болсын!" – деп жазды Усиктің жары.  

Айта кетейік, Александр мен Екатерина мектеп жылдарында Симферопольде танысқан. Олар бірге 14 жылдан астам уақыт өткізіп, 2009 жылы ресми түрде отау құрды. 

Қазір ерлі-зайыптылар төрт бала тәрбиелеп отыр – екі ұлы және екі қызы бар. Үлкен ұлы Кирилл 2010 жылы, қызы Елизавета 2012 жылы дүниеге келді. Михаил 2015 жылы туса, 2024 жылы Мария есімді кенже қыздары өмірге келген.