Шотландияның «Клайд» футбол клубы сенбі күні өзінің ресми әлеуметтік желісіндегі аккаунтында OnlyFans моделі Софи Рейннің суретін жариялағаннан кейін тергеу бастады. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.
Оқиға қалай басталды?
Екінші лигада өнер көрсететін «Клайд» командасының X аккаунтында Софи Рейннің «Мен немесе PS5» деген жазуы бар суреті жарияланған. Көп ұзамай бұл жазба өшірілді.
Клубтың мәлімдемесінде сурет порнографиялық сипатта болмағанымен, «қажетсіз мазмұн» деп бағаланып, жағдайдың зерттеліп жатқандығы айтылды.
Жанкүйерлердің реакциясы
Жанкүйерлердің бірі таңертең ретвитті байқап, скриншотпен бөлісіп: «Сәлем, @clydefc. Мұны тексеріп көрсеңдерші? Бұл клуб үшін жақсы емес», – деп жазды.
Қарсыластардың қалжыңы
Бұл оқиғаға клубтың бәсекелестері де назар аударды. Төртінші лигада өнер көрсететін «Питерхед» клубының өкілі де скриншот жариялап, әзілдеп:
«Біреудің администраторының Әулие Валентин күніне деген махаббаты таусылып қалған сияқты», – деп жазды.