Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Ақтөбеде келіндер керуені өтті

Редактор Penalty.kz
14.03.2025, 19:21

Ауқымды шара Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылды. 

gov.kz
Реклама
Реклама

Кимешекті әжелер мен орамалды келіндер керуені

Ақтөбе қаласындағы Есет батыр тұрғын алабында ерекше шара өтті. Қаладағы «Геолог» мәдениет үйінің «Шолпы» клубы ұйымдастырған шараға 100 ене мен 100 келін қатысып, дәстүрімізді жаңғыртты.

Әжелер кимешек киіп, ал жас келіндер орамал тартып, ұлттық киімнің маңыздылығын көрсетті.

Келесі жылы керуенге 100 немере қосылады

"Былтыр біз тек 100 әжені керуенге шығардық. Биыл оларға 100 келін қосылды. Ал келесі жылы керуенге 100 немере қатысады деп жоспарлап отырмыз.

"Наурызнама тұжырымдамасының бірінші күні – Көрісу күні осылайша қайта жаңғырып жатыр. Бұл тек бір реттік шара емес, оны дәстүрге айналдыруымыз керек. Ұлттық киімді тек мерекеде ғана емес, күнделікті киіп жүруге болады," – деді «Дәстүрге жол» аналар кеңесінің мүшесі Бибігүл Әбдішүкірқызы.

Әжелер мен келіндердің жас ерекшелігі

  • Шараға 90 жастан асқан әжелер де, 65 жастағы қариялар да қатысты.
  • Келіндердің ішінде жаңа түскендер де, 10 жылдан бері отбасылық өмір сүріп жүргендер де бар.
Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары