Футболшымен сауық құрған эскорт-модель жуырда жүкті екенін мәлімдеді.
21 жастағы бразилиялық эскорт-модель Наяра Маседо (Instagram-дағы лақап аты — Ани Авуада) футбол әлемінің ең танымал тұлғаларының бірі – Неймар Джуниордан жүкті екенін мәлімдеді. Бұл туралы бразилиялық бұқаралық ақпарат құралдары мен Tengri Sport хабарлады.
Оқиға 2025 жылдың 10 наурызы күні жеке фермада өткен жабық кештен кейін басталған. Маседоның айтуынша, бұл кешке шамамен 20 эскорт-қыз қатысқан. Ол Неймармен және тағы бір әйелмен бірге интимдік қатынасқа түскенін алға тартты.
Футболшының сол күні аталған кешке қатысқанын растайтын тікелей дәлелдер жоқ. Дегенмен, кеш өткен ферма маңында Неймарға тиесілі тікұшақ байқалған. Алайда Неймар бұл ақпаратты жоққа шығарып, тікұшақты досына бергенін, ал кешке өзі қатыспағанын мәлімдеген.
Даудың отын маздата түскен жағдай — Наяра Маседоның Instagram парақшасында жариялаған жүктілік тесті. Ол өз сөзін дәлелдеу үшін ДНҚ сараптамасын жасатуға дайын екенін айтты.
Алайда, кей сарапшылар бұл мәлімдемеге күмәнмен қарап отыр. Өйткені жүктілік мерзімі тым ерте, ал эмбрион мұндай кезеңде анықталмайды, дейді олар. Маседоның кештен видео жариялаған күннен небәрі бірнеше апта ғана өткен.
Бұл жанжал футболшының жеке өміріне де әсер етуде. Қазіргі таңда Неймар бразилиялық модель Бруна Бьянкардимен қарым-қатынаста. Олардан Мави есімді қыз дүниеге келген. Сонымен қатар, жұп екінші сәбиін күтіп жүр.
Осы жағдай Неймардың отбасылық жағдайын қиындатып отыр. Әзірге футболшы Наяра Маседоның мәлімдемесіне ресми түрде пікір білдірмеген, бірақ кешке қатысқанын үзілді-кесілді жоққа шығарады.
Неймар әлемге "Сантос", "Барселона", "ПСЖ", "Әл-Хилал" клубтары және Бразилия ұлттық құрамасы сапындағы ойындарымен танымал. Жақында ол "Әл-Хилалмен" келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатып, өзінің туған клубы – "Сантосқа" қайта оралды.