Olimpbet «Реалдың» «Марсельге» және «Ювентустың» «Боруссияға» қарсы матчтарына аналитикалық болжамдарын ұсынды.
Жаңа маусымдағы Чемпиондар лигасына қазақстандық жанкүйерлердің «Реал Мадридке» деген қызығушылығы бұрынғыдан да арта түспек. Себебі «корольдік клуб» – ЛЧ-2025/26 топтық кезеңінде «Қайраттың» қарсыластарының бірі.
Алматыға сапар алдында «сливочные» басты еурокубоктың алғашқы турында өз алаңында «Олимпик Марсельге» қарсы ойнайды. Olimpbet сарапшылары алаң иелерін сөзсіз фаворит санайды: олардың ірі жеңіске жету ықтималдығы қонақтардың тең нәтижеге жету мүмкіндігінен әлдеқайда жоғары.
«Галактикостарға» деген сенім еш таңғаларлық емес. «Сливочные» «Олимпикке» титулдар саны жағынан да, өзара кездесулер тарихы бойынша да айқын басым. «Реал» «Марсельге» қарсы өткен барлық төрт ойында жеңіп, жалпы есепте 12:4 нәтижесін тіркеген.
Жаңа маусымды да мадридтіктер сенімді бастады. Хаби Алонсо баптайтын команда Испания чемпионатының турнир кестесін жеке-дара бастап тұр – төрт турда төрт жеңіс. Ал Роберто де Дзерби жаттықтыратын ұжым Франция біріншілігінде төрт матчтан екі есе аз ұпай жинап, Лига 1 көшбасшыларынан қалып қойды.
Шын мәнінде, «Реалдың» «Марсельге» қарағанда артықшылықтарын тізіп жатудың да қажеті жоқ. «Корольдік» клуб қай қарсыласпен де фаворит саналады. Өйткені ол Чемпиондар лигасын өзге ешбір клубқа бұйырмаған 15 рет жеңіп алған!
Olimpbet сарапшылары «галактикостар» өз алаңында міндетті түрде гол соғады деп сенеді және матчта «тотал жоғары» нәтижесі тіркелетініне күмән келтірмейді. Ең ықтимал гол авторы ретінде олар француз жұлдызы – «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппені атайды.
Жалпы кезеңнің ғана емес, тұтас алғашқы турдың ең қызықты айқастарының бірі Туринде өтпек. «Ювентус» өз алаңында дортмундтық «Боруссияны» қабылдайды.
Бұл ойында Olimpbet сарапшылары алаң иелеріне басымдық бергенімен, оларды айқын фаворит санамайды.
Туриндіктер ел біріншілігінде сенімді ойнап келеді – үш турда тоғыз ұпай еншілеген. «Интерге» қарсы Италия дербиінде (4:3) соңғы минуттарда келген жеңіс те «Ювеге» қосымша сенім сыйлады.
Ал «Боруссия» Бундеслигада ұпай жоғалтып, мүлтіксіз «Баварияны» алға оздырып алды.
Жеке кездесулер статистикасында да «Старая синьораның» басымдығы бар: тоғыз ресми ойында алты рет жеңіп, бір рет тең түсіп, екі рет қана «Боруссияға» жол берген.
Дегенмен соңғы жылдары халықаралық аренада табыстырақ болған – «шмельдер». Өткен маусымда дортмундтықтар ширек финалда «Барселонамен» айқасты, ал «Юве» тіпті 1/8 финалға да шықпады. Бұдан бұрынғы маусымда «Боруссия» финалға жетсе, туриндіктер мүлде қатыспаған.
Тағы бір тарихи факт: «шмельдердің» «Ювентусты» жеңген екі ойынының бірі 1996/97 жылғы Чемпиондар лигасының шешуші финалында тіркелген.
Соған қарамастан, Olimpbet сарапшылары Игор Тудор жаттықтыратын команданың бұрынғы серіктесі Нико Ковач басқарған ұжымға қарағанда жеңіске жету мүмкіндігі әлдеқайда жоғары деп есептейді. Сарапшылар «Ювентус» кем дегенде екі гол соғады деген пікірде.
Дереккөз: Olimpbet Arena