Olimpbet «Лацио» – «Милан» және МЮ – «Вест Хэм» матчтарына өз талдауын ұсынады.
Екі италиялық гранд ел кубогының 1/8 финалында тартысқа түседі.
«Лацио» мен «Милан» арасындағы текетіресте Olimpbet сарапшылары матч Римде өтетініне қарамастан, айтарлықтай басымдықты «россонериге» береді.
Өткен маусымда «қызыл-қаралар» турнирдің финалына дейін жетіп, ақтық сында «Болоньяға» 0:1 есебімен жол берген болатын.
Ал «Лацио» ширек финалда сүрінді — бұл кезеңде олардың жолын басқа миландық клуб «Интер» кесті.
Сондықтан да «Лационың» Кубок-2025/26 маусымында «Миланнан» жоғары орналасқаны таң қаларлық жағдай. Бұл – римдік команданың биылғы жарыстағы алғашқы матчы болмақ, ал «россонери» екі қарсыласын жолдан тайдырып үлгерді. «Бари» және «Лечче» жалпы алғанда 5:0 есебімен ұтылды.
«Миланның» «Лациоға» қарсы статистикасында басымдық байқалады: 41 жеңіліске қарсы 84 жеңіс. Соңғысы жақында, А сериясының 13-турында тіркелді. Миландықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Алайда Италия Кубогы аясында «россонеридің» артықшылығы айтарлықтай емес — 9:8 есебімен «қызыл-қаралардың» пайдасында.
Соңғы он кубоктық кездесуді есепке алсақ, мұнда римдіктердің басымдығы байқалады: «Лацио» төрт матчта жеңді, «Милан» — үшеуінде, тағы үш рет тең нәтиже тіркелген.
Айта кету керек, кубокты римдік команда миландықтардан жиірек жеңген — жеті рет, миландықтар бес рет алған.
Соған қарамастан, Olimpbet сарапшылары бұл кубоктық текетіресте «Миланды» айқын фаворит деп санайды. Тіпті нәтижеге ғана емес, бұрыштама добы мен сары қағаз бойынша да басым болады деп санайды.
АПЛ-дағы «мидуик» бейсенбіге белгіленген «Қызыл сойқандар» мен «Вест Хэм» арасындағы кездесуімен аяқталады.
Olimpbet сарапшылары «Олд Траффордтағы» матчтың айқын фавориті ретінде алаң иелері деп санайды. МЮ екі гол айырмасымен жеңеді деп күтеді. Ал қонақтардың тең нәтиже тіркеуі екіталай дейді.
Лондондықтар биыл өз әлеуетінен әлдеқайда төмен өнер көрсетіп жатыр. 13 турдан соң команда небәрі 11 ұпай жинап, кестеде 17-орында тұр. Дәл осындай ұпай төменгі орындағы «Лидсте» де болды.
Манчестерліктердің жағдайы сәл жақсырақ болғанымен, әлі де өз жанкүйерлерінің үмітін толық ақтай алмай келеді. МЮ Еурокубок аймағына әлі кірген жоқ, бірақ осы матчтағы қарсыласынан он ұпайға алда.
Манчестерлік «Юнайтед» орта деңгейлі клубтарға қарсы көп гол соғады. Команданың қоржынында 21 гол бар. Бұл көрсеткіш бойынша олар тек үш лидерге ғана жол береді.
Ал қарсылас команда тым көп гол жібереді — «Вест Хэм» қақпасына 27 гол соғылған. Әр ойында 2-ден көп гол соғылады деген сөз. Бұдан нашар көрсеткіш тек соңғы орындағы «Вулверхэмптонда».
«Қызыл сойқындар» қарсыластардан соққы (15,15 vs 9,77), дәл бағытталған соққы (5,23 vs 3,54) және допқа иелік (52,69% vs 43,77%) бойынша өте басым. Бірақ «Вест Хэм» бұрыштама доптарын жиі орындайды: 5,54 vs 4,23.
Манчестер клубының статистика бойыншы басымдығы зор. Бірақ соңғы жылдары екі команда да бір-бірін алма-кезек жеңіп жүр.
Соңғы он ойында — бес жеңіс МЮ-ге, тағы бесеуі «Вест Хэмге» тиесілі. Тең нәтиже соңғы рет 2020 жылдың шілдесінде тіркелген.
Екі командада да жарақат алғандар бар. Дегенмен, қонақ команданың жағдайы қиынырақ: «Вест Хэм» Манчестерге Пакетасыз барады. Бразилиялық жартылай қорғаушы жақында «Ливерпулге» қарсы матчта екі сары қағаз алды. Сәйкесінше, бұл кездесуге қатыса алмайды.
Olimpbet сарапшылары «Қызыл сойқандар» кем дегенде екі гол соғады деп сенеді, ал матчтың өзі нәтижелі болмақ. Гол соғуға ең ықтимал кандидат — «Манчестер Юнайтедтің» камерундық шабуылшысы Бриан Мбемо.