Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Арсенал» мен «Барселона» сырт алаңда: Сенбінің басты матчтары

Сарапшы, спорт журналисі
06.12.2025, 14:14

Olimpbet сарапшылары АПЛ мен Ла Лиганың ең қызықты ойындарына талдау жасады.

olimpbet.kz
Реклама
Реклама

​Англия. Премьер-лига. 15-тур. «Астон Вилла» – «Арсенал». 6 желтоқсан, 17:30 (Астана уақытымен)

15-тур аясында Англия біріншілігінің көшбасшысы «Арсенал» негізгі қарсыластарының бірі – «Астон Вилла» алаңына қонаққа барады. 

Olimpbet сарапшылары «канонирлерді» айқын фаворит деп есептейді — олардың жеңіске жету мүмкіндігі алаң иелеріне қарағанда екі еседен жоғары.

Турнирлік жағдай

Лондондық клуб Премьер-лига кестесінің көшін жалғыз бастап келеді. Бирмингемдік команда “зеңбірекшілерден” алты ұпайға артта. Сондықтан, өз алаңындағы жеңіс теңесуге мүмкіндік бермейді. Алайда «Астон Вилла» оларға айтарлықтай жақындап, жалпы көшбасшылар тобының жағдайын шиеленістіре түсуі мүмкін.

Апта ортасында екі команда да өздерінің 14-тур ойындарын жеңіспен аяқтады. Бірақ «Арсенал» өз алаңында «Брентфордты» (2:0) сабырлы ойынмен ұтса, «Астон Вилла» «Брайтонмен» болған кездесуде голдарды төпелетті. Унаи Эмери командасы екі доп айырмасымен жеңіліп жатып, ерік-жігердің арқасында 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Статистика

«Арсеналдың» қорғанысы өте сенімді және лигадағы ең үздік доп айырмасы бар (27:7). «Вилланың» шабуылы әлдеқайда әлсіз, ал қорғанысы керісінше көбірек доп жіберген (20:14).

Десе де, бирмингемдік клуб қатарынан төрт матчта жеңіске жетіп отыр — бұл қазіргі АПЛ-дегі ең ұзақ жеңіс сериясы. 

«Канонирлер» соңғы төрт кездесуде төрт ұпай кем жинады: екі жеңіс және екі тең ойын. Ал сырт алаңдағы кездесулерде «Арсеналдың» әлі де қиындықтары бар.

Өзара кездесулер тарихы

Екі клуб жалпы тарихта екі жүзден астам рет кездескен. Жеңістер саны бойынша «Арсеналдың» аз ғана басымдығы бар.

Алайда соңғы жылдары «Астон Вилла» астаналық клубқа лайықты қарсылас болып келеді. Соңғы он кездесудің бесеуінде «канонирлер» жеңіске жетсе, төртеуінде «вилландар» үстем түсті, ал бір ойын тең аяқталды.

Дәл осы тең нәтиже 18 қаңтарда Лондонда өткен соңғы кездесуде тіркелді — 2:2.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары «Вилла Парктағы» кездесуде көп гол болмайды деп болжайды және ойын төмен нәтижелі сипатта өтеді дейді. Сонымен қатар, олардың пікірінше, «Арсенал» міндетті түрде гол соғады.

Қонақтар бұрыштама доптары бойынша да айқын фаворит саналады — бұл ойында кемінде тоғыз бұрыштама болады деп күтіледі.

 

Фото: olimpbet.kz

Испания. Ла Лига. 15-тур. «Бетис» – «Барселона». 6 желтоқсан, 22:30

Примераның 15-турындағы орталық матч Севильяда өтеді. Мұнда жергілікті «Бетис» «Барселонаны» қабылдайды. Olimpbet сарапшылары бұл кездесуде «блаугранаға» айқын артықшылық береді.

Турнирлік жағдай

Осы аптада «Барса» 19-турдан кейінге қалған «Атлетикомен» ойынды өткізіп, өз алаңында 3:1 есебімен жеңіске жетті — бұл Ла Лигадағы қатарынан бесінші жеңісі.

Осылайша, «сине-гранаттылар» турнир кестесінде көш бастап тұр және «жасыл-ақтардан» 13 ұпайға алда. Дегенмен, бесінші орында тұрған «Бетис» бір ойын кем өткізген.

Статистика

«Барса» Испания чемпионатындағы ең нәтижелі команда. Каталондықтар еншісінде 42 гол, яғни орта есеппен бір ойында үш доптан келеді.

«Бетис» футболшылары дәл екі есе аз — 22 гол соққан (орташа есеппен 1,57 гол). Алайда севильялықтардың қорғанысы сенімдірек: олардың қақпасына 14 доп, каталондықтардың қақпасына 17 доп енген.

Ханси Флик командасы соққылар саны (19,8 қарсы 14,29), қақпаға дәл бағытталған соққылар (7,87 қарсы 4,71), бұрыштамалар (6,4 қарсы 4,86), допқа иелік ету (67,4% қарсы 51,36%) және тіпті офсайдтар (2,27 қарсы 1,36) бойынша айқын басым.

Ал Мануэль Пеллегринидің командасы фолдар (10,21 қарсы 9,47) және сары қағаздар (2,07 қарсы 1,4) бойынша алда.

Өзара кездесулер тарихы

«Блауграна» өз қарсыласынан үш есе көп жеңіске жеткен — 85 жеңіс қарсыласының 30 жеңісіне қарсы. 27 кездесуде тең есеп тіркелген.

Соңғы екі матчта Примера аясында командалар тең түсті. Алайда осы кездесулердің арасында «Барса» Испания Кубогының 1/8 финалында «Бетисті» 5:1 есебімен ойсырата жеңген.

Құрам жағдайы

Екі командада да жарақат алған ойыншылар аз емес. Алайда каталондықтардың кең құрамы Фирмин Лопес, Фрэнки де Йонг, Гави сынды ойыншылардың жоқтығын сездірмейді.
Дегенмен, соңғы «Атлетикомен» ойында Дани Ольмо жарақат алып, дәрігерлердің болжамы бойынша жыл соңына дейін алаңға шықпайды.

Севильялықтар үшін де жағдай қиын — олар Иско, Джованни Ло Чельсо, Софьян Амрабат, Эктор Бельерин және ең бастысы Антонисіз ойнауға мәжбүр. Бразилиялық шабуылшы дисквалификациясын өтегенімен, Испания Кубогындағы жарақат салдарынан «Барсамен» ойнамайды.

Қорытынды

Olimpbet сарапшыларының ортақ пікірінше, қонақтар кемінде екі гол соғады, ал матч «Ла Картухада» нәтижелі сипатта өтеді.

Ең ықтимал гол соғушы ретінде «Барселонаның» тәжірибелі поляк шабуылшысы Роберт Левандовски аталып отыр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары