Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Реалды» эпикалық түрде жеңген «Сити» енді не көрсете алады?

Сарапшы, спорт журналисі
14.12.2025, 14:14

Olimpbet АПЛ аясындағы «Кристал Пэлас» – «Манчестер Сити» және «Ноттингем Форест» – «Тоттенхэм Хотспур» матчтарына арналған талдауын ұсынады. 

olimpbet.kz
Реклама
Реклама

Англия. Премьер-лига. 16-тур. «Кристал Пэлас» – «Манчестер Сити». 14 желтоқсан, 19:00 (Астана уақыты)

Англия чемпионатының 16-турында «Кристал Пэлас» пен «Манчестер Сити» арасында өтетін аса тартысты жексенбілік кездесу бар. 

Осы ретте, Olimpbet сарапшылары Лондонда өтетін кездесудің айқын фавориті ретінде «Ситиді» санайды және қонақтар кемінде екі гол соғады деп болжайды.

Турнирлік жағдай

АПЛ-дің 15 туры қорытындысы бойынша екі команда да көшбасшылар тобына кірді. «Ман Сити» тіпті турнир кестесінде көш бастап тұрған «Арсеналды» қуып жетуіне сәл-ақ қалды. Қазір «зеңбірекшілерден» бар болғаны екі ұпайға қалып келеді.

Өз кезегінде «Пэлас» манчестерліктерден бес ұпайға артта. Сондықтан өз алаңында жеңіске жеткеннің өзінде оларды турнир кестесінде қуып жете алмайды.

Қарсыластар жақсы қарқын алды — соңғы алты матчтың әрқайсында бір-ақ реттен жеңілді. Пеп Гвардиоланың командасы апта ортасында Чемпиондар лигасында да аса маңызды жеңіске жетті — Мадридте «Реалды» 2:1 есебімен ұтты.

Статистика

«Манчестер Сити» — АПЛ-дің осы маусымында ең нәтижелі клуб. Оның еншісінде қазірдің өзінде 35 гол бар. «Кристал Пэлас» шабуылы аса қуатты емес — қарсыластар қақпасына небәрі 20 дәл соққы жасаған. Ал Эрлинг Холандтың өзі соған жақын көрсеткішке жетті — 15 гол.

Есесіне «Кристал Пэластың» қорғанысы сенімдірек: бар болғаны 12 гол жіберген, ал «Ситидің» көрсеткіші — 16.

«Қалалықтар» жиі соққы жасайды (орта есеппен әр матчта 14,73 – 11,47), қақпаға жасалған соққы (5,2 – 4,13) және бұрыштамалар саны (5,8 – 3,6) бойынша да алда. Сондай-ақ допқа иелік ету көрсеткішінен де басымдығы айқын: Манчестер командасының пайдасына 57,27% – 42,47%.

Өзара кездесулер тарихы

Өзара кездесулердің жалпы статистикасында «МС»-тің айқын басымдығы бар: 39 жеңіс, 18 жеңіліс және 17 тең ойын.

Алайда соңғы кездері «бүркіттер» манчестерліктерге, әсіресе өз алаңында, жиі қарсылық көрсетіп жүр. «Қалалықтардың» Лондонға жасаған соңғы екі сапары жеңіспен аяқталған жоқ — бір тең ойын және бір жеңіліс.

Қорытынды

Әрине, «Манчестер Сити» құрамадағы ойыншылар тұрғысынан өте қаһарлы көрінеді. Бірақ өткен маусымда да жағдай дәл осындай болған, сол кезде «Сити» «Пэласпен» болған екі матчта бар болғаны бір ғана ұпай жинады. Ал «Кристал Пэластың» еншісінде бір жылда екі трофей бар — Англия Кубогы мен Суперкубогы, ал «Сити» сол маусымда ештеңе ұта алмады.

Соған қарамастан, Olimpbet аналитиктері қонақтардың жеңісіне алаң иелеріне қарағанда әлдеқайда көбірек сенеді. Олардың пікірінше, «қалалықтар» «Селхерст Парк» аренасында есепті бірінші болып ашады, ал мұны жүзеге асыруға ең жоғары мүмкіндік, әрине, Эрлинг Холандта.

Фото: olimpbet.kz

«Ноттингем Форест» – «Тоттенхэм Хотспур». 14 желтоқсан, 19:00

Лондондағы матчпен қатар Ноттингемде жергілікті «Форест» «Тоттенхэмді» қабылдайды.

Olimpbet сарапшылары бұл кездесуде айқын фаворитті көріп тұрған жоқ, дегенмен аздаған басымдықты алаң иелеріне береді, бұл сәл оғаш көрінеді.

Турнирлік жағдай

«Орманшылар» маусымның бастапқы бөлігін сәтсіз өткізді. Қазіргі таңда «қызылдар» Премьер-лигада қалу үшін күресіп жүр: бірде элиталық дивизионнан түсіп қалу аймағына түссе, бірде одан қайта шығады.

Шон Дайчтың командасына ішкі және халықаралық ареналарда қатар ойнау оңайға соқпай жатыр — «Ноттингем» бұған үйренбеген.

Ал «Хотспур» да АПЛ-де жарқырап тұрған жоқ, турнир кестесінің ортасында. Дегенмен, Чемпиондар лигасына жолдама беретін бесінші орыннан 15 турдан кейін бар болғаны үш ұпайға ғана қалып келеді. Ал тікелей қарсыластарынан жеті ұпайға алда.

Статистика

«Тоттенхэм» «Ноттингемге» қарағанда әлдеқайда көп гол соққан (25–14) және едәуір аз гол жіберген (18–25). Нәтижелілік жағынан «Форест» бүкіл лигадағы соңынан санағанда екінші команда, бұдан да нашар көрсеткіш тек үмітсіз аутсайдер «Вулверхэмптонда» ғана бар (8 гол).

Айта кетерлігі, «орманшылар» соққы саны (орта есеппен матчына 11,73 – 9,87) және қақпаға дәл бағытталған соққы саны (3,93 – 3,4) бойынша «лондондықтардан» алда. Ал «қызылдардың» осы шабуыл әрекеттеріндегі тиімділігі көңіл көншітпейді.

Өзара кездесулер тарихы

Өзара кездесулерде лондондықтардың айқын басымдығы бар: «Тоттенхэмнің» 59 жеңісі, 38 жеңілісі және 30 тең ойыны.

Алайда қызығы сол — өткен маусымдағы екі матч та «Ноттингемнің» пайдасына аяқталды: әуелі өз алаңында (1:0), кейін қонақта (2:1) жеңіске жетті. Дегенмен ол кезде бұл мүлде басқа «Форест» еді — чемпионаттың көп бөлігінде АПЛ-дің үздік үштігінде жүрген команда.

Құрам мәселесі

Екі команданың да құрамында елеулі мәселелер бар. «Хотспурда» — қорғаныста, ал «орманшыларда» — шабуыл шебінде. Әсіресе «Ноттингем» үшін жарақат алған шабуылшы Крис Вудтың жоқтығы қатты сезіледі, ол жарақатына байланысты екі айға жуық уақыт бойы алаңға шықпай жүр.

Қорытынды

Соған қарамастан, Olimpbet аналитиктері алаң иелері гол соғады деп сенеді. Алайда олардың пікірінше, «Сити Граунд» стадионында өтетін матчтың жалпы сипаты жоғары ықтималдықпен «төмен тоталды» болады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары