Реклама
Реклама

"Сити" реванш үшін Лондонға аттанды, ал Бильбаода баск дербиі өтеді

Сарапшы, спорт журналисі
01.02.2026, 15:05

Olimpbet сараптамасы "Тоттенхэм" – "Манчестер Сити" және "Атлетик" – "Реал Сосьедад" матчтарына арналған.

olimbet.kz

Англия. Премьер-лига. 24-тур. "Тоттенхэм" – "Манчестер Сити". 1 ақпан, 21:30 (Астана уақыты)

АПЛ-дің 24-туры аясындағы орталық кездесуде "Тоттенхэм" өз алаңында "Манчестер Ситиді" қабылдайды.

Olimpbet сарапшылары Лондондағы матчта "Ситиді" сөзсіз фаворит санайды. Олардың пікірінше, қонақтардың жеңіске жету мүмкіндігі алаң иелеріне қарағанда шамамен үш есе жоғары.

Турнирлік жағдай

Бір апта бұрын манкуниандықтар "Арсеналдың" "МЮ"-ге қарсы ойындағы жеңілісін ұтымды пайдаланып, турнир кестесінің төменгі жағында тұрған "Вулверхэмптонды" (2:0) сенімді түрде жеңу арқылы көшбасшымен ұпай айырмашылығын төртке дейін қысқартты. Қазір "Сити" турнирлік кестеде "Астон Вилламен" бірге екінші орынды бөлісіп тұр. Қосымша көрсеткіштер бойынша бирмингемдіктерден алда.

Ал лондондық команда Премьер-лигада қатарынан бес матчта жеңіске жете алмай, небәрі үш ұпай ғана жинады. Қазір "Тоттенхэм" Чемпиондар лигасының алғашқы бестігінен гөрі төменгі лига аймағына жақынырақ тұр. Ал өзара кездесу қарсаңында "Хотспур" "Ситиден" 18 ұпайға артта келеді. 

Статистика

Пеп Гвардиола шәкірттері лигадағы ең қауіпті шабуылға ие — олардың еншісінде 47 гол бар. "Ситидің" қорғанысы да сенімді, қақпасына небәрі 21 гол жіберген. Осылайша, олардың АПЛ-дегі ең үздік доп айырмасы (+26).

"Тоттенхэм" 33 гол соғып, 31 гол жіберген. Қызығы, кестенің екінші жартысында тұрғанына қарамастан, лондондықтардың айырмасы оң көрсеткіште.

"Қалалықтар" соққы саны (орта есеппен 14,39 – 10,96), қақпаға дәл соққы (5 – 3,96), бұрыштамалар (5,61 – 5,35) және допқа иелік ету көрсеткіші бойынша (59,61% – 52,3%) "Тоттенхэмнен" айтарлықтай басым.

Өзара кездесулер тарихы

Екі клубтың өзара кездесулеріндегі көрсеткіштері шамалас. Әрқайсысы Англия чемпионатында 58 реттен жеңіске жеткен, 33 матч тең аяқталған.

Соңғы уақытта да "Тоттенхэм" АПЛ көшбасшыларынан қалыс қалып жүрген жоқ. Соңғы он кездесуде "Сити" төрт рет, "Тоттенхэм" бес рет жеңіске жеткен, бір ойын тең аяқталған.

Ағымдағы маусымның бірінші айналымында да "Хотспур" өз сөзін айтты — лондондықтар сырт алаңда 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары "Манчестер Ситидің" АПЛ-2025/26 маусымының екінші турында алған жеңілісінің қарымтасын қайтаруға барлық алғышарттары бар деп есептейді. "Қалалықтар" бұл ойында міндетті түрде гол соғады, тіпті кемінде екі рет қақпаны дәл көздейді деп сенеді сарапшылар. 

Ал ең ықтимал гол авторы ретінде лиганың үздік сұрмергені, норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холанд аталады.

Испания. Ла Лига. 22-тур. "Атлетик" – "Реал Сосьедад". 2 ақпан, 01:00

Фото: olimbet.kz

Кестенің ортасында жүрген екі команданың қатысуымен өтетін матч турдың басты ойыны бола ала ма? Бильбаода жергілікті "Атлетик" пен Сан-Себастьянның "Реал Сосьедады" кездесетін бұл тартыс дәл сондай матчтардың қатарына жатады. Өйткені бұл — баск дербиі.

Olimpbet сарапшылары алдағы кездесуде алаң иелерінің жеңіске жету мүмкіндігі айтарлықтай жоғары деп есептейді және олардың гол соғатынына күмән келтірмейді.

Турнирлік жағдай

Баск елінің екі командасы бұл маусымда өз мүмкіндігі мен амбициясына сай өнер көрсетіп жүрген жоқ.

"Реал Сосьедад" турнир кестесінде небәрі сегізінші орында тұр және көшбасшы "Барселонадан" 25 ұпайға қалып келеді. Дегенмен, жуырда сан-себастьяндықтар дәл осы "Барсаны" өз алаңында жеңіп кеткен еді.

Ал "Атлетик" көршілерінен үш ұпайға ғана қалып отыр, сондықтан үйдегі жеңіс жағдайында "арыстандар" "ақ-көктерді" қуып жете алады. Алайда Бильбао клубы Примерадағы соңғы бес матчта бірде-бір рет жеңіске жетпегенін (төрт жеңіліс және бір тең ойын) ескеру қажет. Ал "Сосьедад" керісінше, осы аралықта бірде-бір рет жеңілмей, соңғы үш турда қатарынан жеңіске жеткен.

Сонымен қатар өткен сәрсенбіде "Атлетик" өз алаңында "Спортингтен" 2:3 есебімен ұтылып, Чемпиондар лигасынан сүреңсіз түрде шығып қалды. Сондықтан дербиге "арыстандар" аса жақсы көңіл күйде келмейді.

Статистика

Пеллегрино Матераццо баптайтын команда 29 гол соғып, дәл сондай 29 гол жіберген.

Ал Эрнесто Вальверде жетекшілік ететін ұжымға қарсылас қақпасына гол соғу оңайға соқпай отыр — 21 турдың қорытындысы бойынша "Атлетиктің" еншісінде бар болғаны 20 гол бар. Сонымен қатар "арыстандар" қорғаныста да жиі қателесіп, өз қақпасына 30 гол жіберіп алған.

Соған қарамастан, "Атлетиктің" соққы саны бойынша "Реал Сосьедадтан" басымдығы бар (орта есеппен 12,76 қарсы 12,24). Алайда дәлдік жағынан сан-себастьяндықтар алда, өйткені олар қақпаға көбірек дәл соққы жасайды (4,9 қарсы 4,48).

Бұған қоса, "Реал Сосьедад" бұрыштамалар саны бойынша да басым (6,14 қарсы 5,67), ал допқа иелік ету көрсеткіші екі командада да шамалас — 49,95% қарсы 49,33%, "ақ-көктердің" пайдасына.

Өзара кездесулер тарихы

Соңғы уақытта екі тараптың да айқын басымдығы байқалмайды. Алдыңғы он кездесудің төртеуі Бильбао клубының пайдасына шешілсе, үшеуінде Сан-Себастьян командасы жеңіске жеткен, тағы үш матч тең аяқталған.

Айта кетерлік бір жайт, баск дербиінде өз алаңының рөлі өте жоғары, тіпті шешуші мәнге ие. Бұл текетіресте қонақ командалар бес жылдан астам уақыт бойы жеңіске жете алмай келеді. Соңғы рет 2020 жылдың 31 желтоқсанында "Реал Сосьедад" "Сан-Мамес" стадионында 1:0 есебімен жеңген. Бірақ ол кезде коронавирус өршіп тұрған кезең еді және матчтар бос трибуналарда өтіп, өз алаңының артықшылығы іс жүзінде жойылған болатын.

Құрам

Қос командада да елеулі кадрлық мәселелер бар. Алаң иелері сапында жарақатына байланысты бір айдан астам уақыт бойы негізгі қорғаушы Эмерик Лапорт ойнай алмай жүр. Қонақтарға да дәл осы себеппен команданың жапондық "қозғаушы күші" Такефусо Кубо көмектесе алмайды — ол жуырда "Барселонамен" өткен матчта жарақат алған.

Сонымен қатар екі клубтың да бір-бір қорғаушысы дисквалификацияға ұшыраған. "Атлетикте" — Иньиго Лекуэ, ал "Сосьедадта" — Дуе Чалета-Цар.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары бұл дерби "арыстандар" үшін дағдарыстан шығудың бастауы болады деп есептейді және "Атлетиктің" жеңісіне сенім білдіреді.

Сонымен қатар алаң иелері бұрыштамалар саны бойынша да фаворит саналады, өйткені "Сан-Мамес" аренасындағы матчта кемінде тоғыз бұрыштама болады деп күтілуде.

Реклама
Реклама