ҚПЛ көшбасшыларының текетіресі қалай аяқталады?

Бас редактор
Бүгін, 13:25

Olimpbet сарапшылары "Қайрат" пен "Ордабасы" арасындағы матчқа талдау жасады.

olimpbet.kz

Қазақстан Премьер-лигасы. 19-тур

"Қайрат" (Алматы) – "Ордабасы" (Шымкент) 26 шілде, 19:00 (Астана уақыты)

Жексенбі кешінде Алматыда тек турдың орталық матчы ғана емес, ҚПЛ көшбасшыларының басты шайқасы өтеді. Бұл кездесудің нәтижесі чемпиондық тағдырын тікелей шешуі мүмкін.

Olimpbet сарапшылары "Қайрат" пен "Ордабасы" арасындағы кездесуде аздап алаң иелеріне басымдық береді. Олардың пікірінше, есепті бірінші болып дәл алматылықтар үзіліске дейін ашады.

Турнирлік жағдай

Шымкенттік клуб Алматыға Премьер-лиганың жеке-дара көшбасшысы ретінде келеді. "Ордабасы" "Қайраттан" бір ұпай алда тұр. Алайда оңтүстік командасы бір ойын кем өткізгендіктен, жоғалтқан ұпайлар бойынша олардың артықшылығы айтарлықтай.

Қалған командалар көшбасшылардан едәуір қалып қойған. Сондықтан қазіргі таңда КПЛ чемпиондығына нақты екі ғана клуб – "Ордабасы" мен "Қайрат" таласып жатыр деуге болады.

Статистика

Алматы мен Шымкент клубтары – лиганың ең нәтижелі командалары.

"Сары-қаралар" 37 гол соқса, "Ордабасы" бұдан төрт голға аз енгізген.

Ал жіберген гол саны бойынша екі команда да бірдей көрсеткішке ие – 13 доптан. Бұл да ҚПЛ-2026 маусымындағы ең үздік нәтиже.

Осылайша, екінші айналымдағы өзара кездесу алдында қазіргі Қазақстан чемпионының доп айырмасы турнир көшбасшысынан жақсырақ: тиісінше +24 және +20.

Өзара кездесулер тарихы

"Қайрат" жалпы статистикада да, соңғы жылдардағы кездесулерде де "Ордабасыдан" басым.

Екі команда осы уақытқа дейін 86 матч өткізіп, алматылықтар 37 рет жеңіске жеткен, 26 рет жеңілген, тағы 23 ойын тең аяқталған.

Соңғы он кездесудің бесеуінде "сары-қаралар" жеңіске жетсе, шымкенттіктер төрт матчта басым түсті. Бір ойын тең нәтижемен аяқталды.

Өткен маусымда Алматыда өткен матчта "Қайрат" қарсыласын 4:0 есебімен ойсырата жеңген болатын. Ал биылғы КПЛ-дің бірінші айналымында, 28 мамырда Шымкентте өткен кездесуде "Ордабасы" 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары "Қайраттың" гол соғатынына күмән келтірмейді. Ал көшбасшылар тартысының ең ықтимал нәтижесі ретінде алаң иелерінің бір доп айырмасымен жеңісін болжайды.

Фото: olimpbet.kz

"Астана" (Астана) – "Алтай" (Өскемен) 26 шілде, 19:00

Елорданың басты аренасында "Астана" Өскеменнің "Алтайын" қабылдайды.

Olimpbet сарапшылары бұл кездесуде астаналық клубты сөзсіз фаворит санайды.

Олардың пікірінше, алаң иелерінің екі доп айырмасымен жеңіске жету мүмкіндігі, қонақтардың кем дегенде тең ойын көрсету ықтималдығынан жоғары.

Турнирлік жағдай

"Астана" жүлделі үштікке енуге таласып жатыр. Алайда Григорий Бабаян шәкірттерінің биыл чемпиондыққа таласуы екіталай.

Ал Вахид Масудов баптайтын "Алтай" Премьер-лигада қалу үшін күрес жүргізіп келеді. Өткен турдың қорытындысы бойынша КПЛ дебютанты турнир кестесіндегі қауіпті аймаққа түсіп қалды.

Екі команда арасын 13 ұпай* бөліп тұр. Оның үстіне "Алтай" бір матчты артық өткізген.

Статистика

Астаналықтар қарсыласынан көп гол соқты (25:14) әрі аз гол жіберді (19:22).

Сәйкесінше, доп айырмасы да елордалық клубтың пайдасында – +6, ал "Алтайда" –8.

Өзара кездесулер тарихы

Командалар осыған дейін небәрі екі рет кездескен.

Бір қызығы, екі матч та 1:1 есебімен тең аяқталған.

2019 жылы Қазақстан кубогының 1/8 финалында өткен кездесуде негізгі уақыт тең аяқталып, пенальти сериясында "Алтай" 15:14 есебімен жеңіске жеткен.

Ал биыл мамыр айында ҚПЛ-дің 12-туры аясындағы кездесу де тең нәтижемен аяқталды.

Айта кетерлігі, екі ойын да Өскеменде өткен. Бұл жолы қарсыластар алғаш рет елордада кездеседі.

Құрам

"Астана Аренадағы" матчта Шығыс Қазақстан клубының екі негізгі ойыншысы алаңға шыға алмайды.

Никола Джамбор сары қағаздардың лимитін толтырса, Неманья Мичевич өткен турда "Ақтөбеге" қарсы кездесуде қызыл қағаз алған.

Ал алаң иелері сапында кадрлық шығын жоқ.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары "Астананың" кем дегенде екі гол соғатынына сенімді. Сондай-ақ олардың пікірінше, елордадағы матч нәтижелі өтеді, ал есепті алаң иелері бірінші таймда-ақ ашады.

Реклама
Реклама