Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Алонсо "Реалдың" жаңа лидерін атап, ЧЛ-дағы мақсатын айтты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 16:38

Корольдік клуб бас бапкерінің айтуынша, биылғы маусымда команда алдындағы басты міндет - қалқанқұлақ кубокты жеңу. 

Vesti.kz
Реклама
Реклама

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Хаби Алонсо Килиан Мбаппені команданың жаңа көшбасшысы деп танып, басты мақсат – Чемпиондар лигасын жеңу екенін ашық айтты.

Хаби Алонсо француз шабуылшысына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, Мбаппе клуб ішінде ғана емес, бүкіл әлемде көшбасшылық қасиеттерімен ерекшеленеді.

«Клубтық әлем чемпионатында Килиан өзін жайлы сезінген жоқ, себебі гастроэнтериттен енді айығып жүрген еді. Бірақ біз бір-бірімізді түсінуге тырыстық. Килиан ұсақ-түйекке мән беруді жақсы көреді, ойынның әр деталіне үңіледі. Ал алаңда өзінің сиқырын қосады.

Көшбасшы ма? Еш күмәнсіз. Мінезі де, тәжірибесі де оған сай. Команда қалыптасып жатқанда кімнің көш бастайтыны бірден білінеді. Килиан – солардың қатарынан», – деді Алонсо AS басылымына берген сұхбатында.

Алонсоның айтуынша, «Реал» үшін басты меже – Чемпиондар лигасының кубогы.

«Бұл жобамыз енді басталды. Басты мақсатымыз – Чемпиондар лигасын мүмкіндігінше ертерек жеңу. Килиан – осы жолдың ажырамас бөлігі. Бірақ біз тек болашақ туралы емес, әр күнгі дайындық жайлы ойлаймыз», – деп атап өтті ол.

«Қайратпен» тарихи кездесу

Жаңа маусымдағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде мадридтіктерді мықты қарсыластар күтіп тұр:

  • «Манчестер Сити» (Англия),
  • «Ливерпуль» (Англия),
  • «Ювентус» (Италия),
  • «Бенфика» (Португалия),
  • «Марсель» (Франция),
  • «Олимпиакос» (Грекия),
  • «Монако» (Франция),
  • «Қайрат» (Қазақстан).

Алғашқы ойында «Реал» 16 қыркүйек күні өз алаңында «Марсельді» қабылдайды. Ал 30 қыркүйекте мадридтік алып алғаш рет Алматыға келіп, «Қайратпен» Орталық стадионда тарихи матч өткізеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары