Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, Ресей футболының жұлдызы Игорь Семшов «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы мүмкіндігіне өз бағасын берді.
Еуро-2008 чемпионатының қола жүлдегері, Ресей футболының жұлдызы Игорь Семшов «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы мүмкіндігін бағалап, Лиссабонда өтетін матчқа өз болжамын айтты. Сарапшының сөзінше, алматылық клуб тек қатысушы емес, нағыз сенсация жасаушы команда атануы мүмкін.
Семшов атап өткендей, «Спортинг» маусымды сәтсіз бастады. Суперкубокта «Бенфикадан» (0:1) ұтылды. Дегенмен бас бапкер Руй Боржеш командаға тез серпін беріп, бес турда төрт рет жеңіске жеткізді. Португалиялықтар бүгінде Примейрада екінші орында келе жатыр, тек «Портудан» қалыс қалып отыр.
Шабуыл шебіндегі әлеуеті де өте жоғарыі: бес ойында 15 гол. Өткен маусымда Лиссабон клубы Еуропада біраз қиналған еді. «Боруссияға» (0:3, 0:0) қарсы ойыннан кейін плей-оффтан шығып қалды. Дегенмен, командада қарым-қабілеті жоғары жас таланттар жетерлік. Сарапшы әсіресе жаңа форвард Луис Суарестің ойынын бақылауда ұстауға кеңес береді.
«Қайрат» – Қазақстан тарихындағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан екінші клуб. Соңғы рет бұл мәртебеге 2015/16 жылғы маусымда «Астана» жеткен болатын.
Рафаэль Уразбахтин шәкірттері Еурокубоктағы жолын төрт айналымдық іріктеуден бастап, финалда Шотландияның «Селтигін» пенальти сериясында жеңіп шықты. Алматыда өткізген ойындары ерекше сенімді болды: үш жеңіс және бір тең нәтиже.
Ел чемпионатында да «Қайрат» қарқынды жүріп келеді – 22 ойында 43 гол соғып, турнир кестесінде көш бастап тұр. Тәжірибелі қорғаушылар Егор Сорокин мен Александр Мартынович команданың мызғымас тірегіне айналды.
«Қайрат» қазір ұлы өрлеудің сәтін бастан кешіріп жатыр. Бұл – жай ғана сәттілік емес, жаңа дәуірдің бастауы. Матчта голдар көп болады деп ойлаймын. Сондықтан ең тиімді бәс – екі команда да гол соғады деген болжам», – дейді Семшов.