Реклама
Реклама

Жозе Моуринью Чемпиондар лигасындағы клубтың тізгінін ұстады

Сарапшы, спорт журналисі
18.09.2025, 21:04

Португалиялық «Бенфика» ресми түрде Жозе Моуриньюді бас бапкер қызметіне тағайындады.

mirror.co.uk

62 жастағы маманның Лиссабонға оралуы

Атақты жаттықтырушы екі жылдық келісімшартқа қол қойды. Ол қызметінен босатылған Бруну Лажды алмастырды. Бұрынғы бапкер «Бенфиканың» Чемпиондар лигасында әзербайжандық «Қарабахтан» 2:3 есебімен жеңілуінен кейін орнын босатқан еді.

Бұл Моуриньюдің «Бенфикадағы» алғашқы тәжірибесі емес. Ол аталған клубты 2000 жылы жаттықтырған. Кейін маманның мансабы «Униан Лейрия» және «Порту» клубтарымен жалғасты. «Порту» сапында ол өз есімін әлемдік футболға танытқан еді.

Соңғы бапкерлік кезеңі

Моуриньюдің соңғы жұмыс орны Түркияның «Фенербахче» клубы болды. Дегенмен ол биыл тамыз айының соңында командадан кеткен еді.

Реклама
Реклама