УЕФА Жастар лигасының алғашқы турында «Қайрат» U-19 командасы португалиялық «Спортингке» қарсы ойнады. Оэйраш қаласындағы кездесу 3:2 есебімен аяқталды.
Ойынның алғашқы жартысында «Спортинг» жылдам шабуылдарымен ерекшеленді.
13-минутта Даниэль Цесельский есеп ашты. 23-минутта Флавиу Гонсалвеш таблодағы көрсеткішті еселеді.
Екінші таймның басында Диогу Мартинш (56-минут) үшінші голды соғып, португалиялық клубтың басымдығын арттырды.
Алайда «Қайрат» жас ойыншылары берілмеді. 70-минутта Азамат Тұяқбаев гол соғып, есепті қысқартты. Араға жеті минут салып тағы да мергендігімен көзге түсіп, дубль авторы атанды.
64-минутта «Спортинг» ойыншысы Гонсалвеш 11 метрлік соққыны жүзеге асыра алмады.
«Қайрат» U-19 командасы енді 30 қыркүйекте мадридтік «Реалға» қарсы ойнайды. Кездесу Алматыдағы Т. С. Сегізбаев атындағы академия стадионында өтеді.
Бұдан бөлек, жастар лигасында алматылық клуб мыналармен кездеседі: