Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Қайрат» – «Реал» матчы: Назарбаевтар отбасы жайлы қауесетке клубтың жауабы

Сарапшы, спорт журналисі
21.09.2025, 13:22

Әлеуметтік желілер мен бірқатар БАҚ-та экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы 30 қыркүйекте Алматыда өтетін Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Қайрат» – «Реал» матчын тамашалауға келеді деген ақпарат тарады.

NUR.kz
Реклама
Реклама

Қауесет қалай тарады?

Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, бұл кездесуге «Қайрат» клубының иесі Қайрат Боранбаев арнайы шақыру жіберген деген сыбыс пайда болған.

«Орда» басылымы бұл ақпаратты тексеру үшін «Қайраттың» баспасөз қызметіне жүгінді. Клубтың ресми жауабы төмендегідей болды:

«ФК «Қайрат» басшылығының атынан көрсетілген тұлғаларға арнайы шақыру жіберілді деген ақпарат шындыққа жанаспайды», – деді клуб өкілдері.

Сонымен қатар баспасөз қызметі әрбір жанкүйер билетті өзі сатып ала алатынын еске салды.

Маңызды матч

30 қыркүйек күні алматылық клуб алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өз алаңында ойнайды. Қарсылас – Еуропаның ең мықты клубтарының бірі саналатын мадридтік «Реал».

Бұл матч қазақстандық жанкүйерлер үшін ерекше оқиға болатыны анық.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары