Миллиондаған көрермені бар жұлдыз PGL Astana 2025 халықаралық киберспорт турниріне арнайы қонақ ретінде шақырылған.
Әлемдік деңгейдегі танымал порноактриса әрі блогер Ева Эльфи PGL Astana 2025 халықаралық киберспорт турнирінің арнайы қонағы ретінде Қазақстан астанасына келді.
P*rnhub платформасында жарияланған видеоларынан кейін Ева Эльфи қысқа уақыт ішінде үлкен танымалдылыққа ие болды. Оның роликтері миллиондаған қаралым жинап, әлемдік рейтингтерде жоғары орындарға шыққан.
2021 жылы Ева Эльфи ересектер индустриясындағы ең беделді марапаттардың бірі – AVN Awards сыйлығын жеңіп алды. Бұл оның индустриядағы беделін нақтылаған маңызды сәттердің бірі болды.
Қазақстандағы ең ірі киберспорт шараларының бірі PGL Astana 2025 турнирі жанкүйерлер мен стриминг платформаларында үлкен қызығушылық тудырып отыр. Ева Эльфи секілді медиа жұлдыздардың келуі – турнирдің ауқымын арттыра түседі.