Сенсация! Бразилиялық команда сапындағы қазақстандық спортшы үздік деп танылды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
16.05.2025, 20:25

Осылайша, командасын жартылай финалға алып шықты. Енді финалға бір қадам ғана қалды.

Cybersport.ru

Қазақстандық киберспортшы Данила «Molodoy» Голубенко Бразилияның әйгілі FURIA командасының сапында PGL Astana 2025 турнирінің жартылай финалына жолдама алды. 

Ширек финалдағы сенімді жеңіс

FURIA ширек финалда өз отандастары – MIBR командасымен кездесіп, 2:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті:

  • «Nuke» картасы — 16:13

  • «Train» картасы — 13:2

Ойын барысында «Molodoy» үздік ойын көрсетіп, матчтың MVP-сі атанды. Оның тұрақты дәлдігі мен командалық ойыны шешуші рөл атқарды. Жеңісті ойыннан кейін отандасымыз көрермен алдына шығып, өз алғысын білдірді. 

“Мені қолдап жатқандарыңыз үшін өте қуаныштымын! Бәріңізге көп рахмет”, – деді спортшы. 

LAN-дегі алғашқы тәжірибе – сәтті дебют

Бұл турнир Даниланың LAN-сахнадағы (нақты жанкүйерлер алдында, стадионда) алғашқы дебюті болды. Ол 2025 жылдың сәуірінде FURIA сапына AMKAL Esports командасынан ауысып келген болатын.

Келесі қарсылас – Team Spirit немесе NiP

Жартылай финалда FURIA Team Spirit – Ninjas in Pyjamas (NiP) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

  • Күні: Сенбі

  • Басталуы: 19:00 (Астана уақытымен)

  • Өтетін орны: Барыс Арена, PGL сахнасы