Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстан ғаламдық әйелдер киберспортының хабы атанды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 18:37

Алматыда Female Pro League by Olimpbet халықаралық әйелдер киберспорт лигасының алғашқы маусымы өз мәресіне жетті. Бұл — толықтай Қазақстанда құрылған әрі ұйымдастырылған әлемдік деңгейдегі алғашқы турнир. Ол CS2 бойынша әлемнің ең мықты құрамаларын жинады. Ал гранд-финалда бразилиялық Imperial Valkyries ұйымының өкілдері мен Германияның BIG Equipa командасы кездесті, әлем жанкүйерлеріне әсерлі шоу ұсынды.

olimpbet.kz
Реклама
Реклама

Made in Kazakhstan

Қазақстан әлемдік киберспорт сахнасында өз атын барған сайын айқын танытып келеді. Егер 2025 жылы мамырда өткен PGL Astana еліміздің tier-1 деңгейіндегі турнирлерді қабылдай алатынын дәлелдесе, Female Pro League жобасының пайда болуы Қазақстанда жаһандық маңыздағы лигаларды өз күшімен құра алатынын көрсетті.

Фото: olimpbet.kz

FPL-дің алғашқы маусымы әйелдер арасындағы CS2 бойынша үздік командаларды жинап, толықтай қазақстандық компаниялардың күшімен жүзеге асты. Olimpbet идея мен ұйымдастыруды өз мойнына алса, турнир операторы ретінде Myskill жұмыс істеді.

“Біз FPL-ді бастағанда, көпшілігі “екі-ақ команда жиналуы мүмкін, ештеңе шықпайды” деген еді.  Бірақ біз мақсат қойдық: халықаралық әйелдер турнирін жасау. Бүгін Алматыда финалда әлемнің үздік құрамалары ойнап жатыр – бұл скептиктерге ең жақсы жауап. Бұл біз үшін үлкен жетістік және дұрыс бағытта келе жатқанымыздың дәлелі”, – дейді Olimpbet компаниясының маркетинг директоры Геннадий Шемраев.

Фото: olimpbet.kz

Алматыдағы шешуші матч

Алматыдағы гранд-финалда Imperial Valkyries пен BIG Equipa командаларының кездесуін бұрын тек арман деуге болар еді. Алайда 15 қараша күні Бразилия мен Германия ұйымдарының өкілдері Қазақстанда құрылған киберспорт лигасының шешуші ойынында бетпе-бет келді.

Қызығы, бұған дейін Imperial Valkyries капитаны Виктория tory Казиева FPL-ге қатысу туралы былай деген еді: Басқа tier-1 құрамдары қатысқанына қарамастан, біздің командамызға қарсы тұра алатын қарсылас жоқ. Алайда төменгі себет арқылы финалға жеткен BIG Equipa біраз қиындық туғызды.

Фото: olimpbet.kz

Финал қалай өрбіді?

«Валькириялар» турнир бойы небәрі бір картада жеңілген еді, бірақ финалда жас құрам тарапынан айтарлықтай қарсылық көрді. Матч бес раундқа созылды.

Алғашқы Dust2 картасында Imperial Valkyries 13:8 есебімен жеңді. Бірақ de_inferno картасында қарсылас қысымын сезініп, 3:13 есебімен ұтылды. Nuke картасында BIG Equipa тағы да басым түсті – 13:7, фавориттерді қуушы рөліне қойды. 

Фото: olimpbet.kz

Алайда тәжірибе аты тәжірибе: Mirage картасында (13:7) есеп теңестірілді. Ал шешуші Ancient картасында Imperial Valkyries өз деңгейін көрсетіп, 13:5 есебімен жеңіске жетті.

Фото: olimpbet.kz

Қорытынды есеп – 3:2. Осылайша Imperial Valkyries – FPL-дің алғашқы маусымының чемпиондары атанды. Ал гранд-финалдың MVP-і болып Румыния ойыншысы Ana ANa Dumbravă танылды.

Фото: olimpbet.kz

Келесі кезең

Female Pro League-тің алғашқы маусымының жүлде қоры – $10 000. Өкінішке қарай, Қазақстан мен Орталық Азияның қыздар командалары турнирдің негізгі кезеңінен ары аса алмады. Алайда FPL олар үшін халықаралық деңгейдегі тәжірибе жинау мен өсу алаңына айналды. Ұйымдастырушылар қазірден бастап келесі маусымға дайындықты бастап кетті.

Белгілі болғандай, әлемдегі ең ірі әйелдер CS2 лигасы ESL Impact өз қызметін тоқтатқан. Сондықтан FPL енді әлемдегі female only кәсіби алаң болып қалды, мұнда қатысушылар VRS рейтингі ұпайларын жинай алады.

Фото: olimpbet.kz

Female Pro League by Olimpbet келесі маусымның күндері мен форматын кейінірек жариялайды. 

Жаңалықтарды Telegram-арнасы @femaleproleague, FPL-дің Instagram парақшасы және X желісі (ағылшынша) арқылы бақылауға болады. 

Барлық трансляциялар Twitch | Kick | YouTube платформаларында қолжетімді.

Female Pro League туралы

Female Pro League (FPL) – Қазақстанда пайда болған әлемнің барлық қатысушыларына ашық алғашқы кәсіби әйелдер киберспорт лигасы. Бұл жобаның құрылуы – инклюзивті және қауіпсіз ойын ортасын дамытудағы маңызды қадам, сондай-ақ ел мен аймақтың киберспорт индустриясын жаңа деңгейге көтерудің бастауы.

Жобаның инициаторы және серіктесі – Olimpbet компаниясы. Ол «Жыл таңдауы» сыйлығы бойынша Қазақстан спорт индустриясына №1 инвестор атанды.

Ал жобаның амбассадоры және идея авторларының бірі – Айгера Дунамис. Ол Қазақстандағы киберспорт пен косплей саласының ең танымал тұлғаларының бірі.

Фото: olimpbet.kz
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары