Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Жүлде қоры $1,25 млн! Киберспорт алыптары Будапештте бас қосты

Сарапшы, спорт журналисі
24.11.2025, 22:18

Турнирге әлемнің үздік 32 құрамасы қатысады.

community.skin.club
Реклама
Реклама

24 қараша мен 14 желтоқсан аралығында Будапештте CS2 тарихындағы ең маңызды турнирлердің бірі — StarLadder Budapest Major 2025 өтеді. 32 команда $1,25 млн жүлде қорын бөліске салады.

Турнирге әлемнің үздік 32 құрамасы қатысады. Олардың қатарында:

  • Team Falcons
  • Team Spirit
  • Natus Vincere (NAVI)
  • PARIVISION және басқалары

Жүлде қоры — $1 250 000. Жарыс төрт кезеңнен тұрады. 

1. Үш топтық кезең (Swiss system)

  • Әр кезеңде 5 тур
  • Команда 3 жеңіске жетсе — келесі кезеңге өтеді
  • 3 рет жеңілсе — турнирден шығады

Кездесулер форматы:

  • best-of-1
  • best-of-3 

2. Плей-офф (Single-elimination)

  • 8 команда қатысады
  • Барлық матчтар — best-of-3
  • Финал — Major тарихында алғаш рет best-of-5 форматына өтеді

Қатысушылар жүйесі

  • 16 команда бірінші топтық кезеңнен бастайды
  • Қалғандары рейтинг пен іріктеу негізінде екінші және үшінші фазаларға бірден шақырылды
  • Әр кезеңнен 8 команда келесі раундқа өтеді

Жүлде қоры қалай бөлінеді?

  • 1 орын — $500 000
  • 2 орын — $170 000
  • 3–4 орын — $80 000
  • 5–8 орын — $45 000
  • 9–16 орын — $20 000
  • 17–24 орын — $10 000
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары