Ірі көлемде айыппұл салу жағы да қарастырылып отыр.
Ресейде киберспортта «допинг-софт» қолданған ойыншыларға ірі көлемдегі айыппұл мен қылмыстық жауапкершілік енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл бастаманы Ресейдің Спорт министрлігі мен мемлекеттік дума депутаттары қолдады.
«Известия» мәліметі бойынша, Ресей депутаттары Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексіне жаңа бап енгізуді жоспарлап отыр. Ол бап киберспорт жарыстарында:
қолданған геймерлерге 30 000 рубльге дейін айыппұл салуды көздейді.
Сонымен қатар, «допинг-софт» қолданылған жағдайда ойын жабдықтарын тәркілеу жазасы да қарастырылып жатыр.
Ресей билігі тек әкімшілік айыппұлдармен шектелмей, киберспорттағы жалған жеңістер мен матч манипуляциясы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу мүмкіндігін де талқылауда.
Бұл бастама «спорт нәтижелерін қолдан жасау» туралы бапқа сүйенеді және болашақта киберспортты толыққанды кәсіби спорт ретінде реттеуге бағытталған.
Осы тұста айта кетсек, Қазақстанда да киберспорт белсенді дамып келеді. Жақында Қазақстан киберспорт федерациясы ел тарихындағы алғашқы гибридті фиджитал-футбол және киберфутбол академиясын ашатынын мәлімдеді.