CS2: Budapest Major 2025 турнирінің жетінші күнінде кімдер шайқасады?
Төртінші раундтың матчтары келесі кезеңге өтетін командаларды анықтайды, ал жеңілгендер мэйджордан шығып қалады.
1 желтоқсанда Будапештте өтіп жатқан StarLadder Budapest Major 2025 турнирінің топтық кезеңінің екінші сатысы жалғасады. Төртінші раундтың матчтары келесі кезеңге өтетін командаларды анықтайды, ал жеңілгендер мэйджордан шығып қалады.
Будапештте өтетін Major-дың топтық кезеңінде командалар best-of-3 (BO3) форматы бойынша ойнайды. Бұл кезеңде әр жеңіс — келесі раундқа жолдама, ал әр жеңіліс — турнирмен қоштасу.
1 желтоқсан күні өтетін матчтар
2-1 кестесі
- 20:00 — Ninjas in Pyjamas (Еуропа) vs PARIVISION (Ресей)
- 22:30 — Imperial Esports (Бразилия) vs M80 (АҚШ)
- 01:00 — B8 Esports (Украина) vs 3DMAX (Еуропа)
Бұл матчтарда жеңген командалар үшінші кезеңге жолдама алады, ал жеңілгендер 2-2 сеткасына түседі.
1-2 кестесі
- 20:00 — Fnatic (Еуропа) vs Passion UA (Украина)
- 22:30 — Aurora Gaming (Еуропа) vs Astralis (Еуропа)
- 01:00 — TYLOO (Қытай) vs Team Liquid (Еуропа)
Бұл раундта жеңілгендер турнирден біржола шығып қалады.
Турнир туралы
StarLadder Budapest Major 2025 — Counter-Strike 2 тарихындағы ең ірі киберспорт оқиғаларының бірі. Турнир 24 қараша мен 14 желтоқсан аралығында Венгрия астанасы Будапештте өтуде.
- Жалпы қатысушылар саны: 32 команда
- Жүлде қоры: $1,25 млн