Әлемдегі ең ірі CS2 турнирі тұңғыш рет қазақша сөйлейді
StarLadder Budapest Major 2025 деп аталатын дода 4–14 желтоқсан аралығында өтеді.
Желтоқсанда әлемдегі ең ірі CS2 турнирі — StarLadder Budapest Major 2025 алғаш рет қазақ тілінде көрсетіледі. Дода 4–14 желтоқсан аралығында өтеді.
Қазақ тілінде болатын трансляция Stage 3 (4–7 желтоқсан) онлайн кезеңін және плей-офф (11–14 желтоқсан) ойындарын қамтиды. Соңғы кезеңде матчтар студиялық форматта, кәсіби аналитикамен және матчқа дейінгі тактикалық талдаумен беріледі.
Оған танымал комментаторлар қатысады:
- LEO kz,
- worstze,
- radLE
- adilkhanaww.
Турнир форматы
Budapest Major — әлемнің 32 үздік CS2 командасы қатысатын ең беделді жарыстардың бірі. Қатысушылар қатарында Falcons, Team Spirit, MOUZ және өзге де топ-дәрежелі ұжымдар бар.
- Топтық кезең — швейцариялық жүйе бойынша өтеді;
- Плей-офф — single-elimination форматында, финал Best-of-5 түрінде ойналады.
Айта кетейік, StarLadder Budapest Major 2025 турнирін қазақ тілінде YouTube және Twitch платформаларынан тамашалауға болады.