Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

PGL 2026 жылғы қысқы мейджорды Сингапурде өткізбек

Сарапшы, спорт журналисі
07.12.2025, 17:58

Бұл туралы ресми түрде 8 желтоқсанда жарияланады деген қауесет бар. 

cybersport.ru
Реклама
Реклама

CS2-ден 2026 жылдың қысқы мейджоры Сингапурде өтеді. Ал оның ұйымдастырушысы PGL болады. Ақпарат әлі ресми жарияланбаса да, бұл дерек сайттың бастапқы кодынан анықталған. Жарыстың өткізілетіні туралы ресми мәлімет желтоқсанның 8-інде жарияланады деген қауесет бар.  

Ал чемпионаттың өзіне келер болсақ, сайттың бастапқы кодындағы мәліметтерге сәйкес, PGL Singapore Major 2026 30 қарашада басталып, 13 желтоқсанға дейін жалғасады. 

Турнирдің жүлде қоры дәстүрлі түрде $1,25 млн болады.

Плей-офф кезеңі 12 мың орындық Singapore Indoor Stadium аренасында өтеді.

CS2 бойынша екінші мейджор

Бұл – CS2 бойынша келесі жылға жоспарланған екінші мейджор. Бірінші мейджор жазда өтеді:

  • IEM Cologne Major 2026 жыл сайынғы IEM Cologne турнирін алмастырады.
  • Командалардың қатысуы VRS рейтингіндегі орындарына байланысты анықталады (сәуір айында).

Осылайша, 2026 жыл CS2 киберспорт қауымдастығы үшін өте маңызды маусым болғалы тұр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары