Осылайша, қанжығасына 500 мың АҚШ доллары көлеміндегі сыйақыны байлады.
Team Vitality CS2 бойынша өткен StarLadder Budapest Major 2025 турнирінің чемпионы болды. Финалда француз ұжымы FaZe Clan командасын 3:1 есебімен жеңді.
Шешуші матч төрт картада өтті:
Осылайша, Матье ZywOo Эрбо бастаған Team Vitality қарсыласына айқын басымдық танытып, турнирдің басты жүлдесін иеленді.
Чемпион атанған Team Vitality 500 мың АҚШ доллары көлеміндегі сыйақыға қол жеткізді. Ал финалист FaZe Clan (капитаны — Финн karrigan Андерсен) 170 мың доллар алды.
Үшінші–төртінші орындарды Natus Vincere мен Team Spirit бөлісіп, әрқайсысы 80 мың доллардан иеленді.
StarLadder Budapest Major 2025 жарысы 24 қараша мен 14 желтоқсан аралығында өтті. Турнирдің жалпы жүлде қоры 1,25 миллион долларды құрады.