Арнайы зерттеу жүргізген мамандар осындай қорытындыға келді.
Геймер жігіттер эмоционалдық тұрақтылығы мен икемділігінің арқасында ең жақсы жұбай болады. Психологтар осылай дейді. Мамандардың айтуынша, геймерлермен құрылған неке өзге қатынастарға қарағанда берік әрі үйлесімді болады.
Зерттеулерге сүйенсек, ойын ойнайтын жігіттер басқа ер азаматтарға қарағанда өз эмоциясын жақсы бақылайды. Сонымен қатар, күйзеліс жағдайында сабыр сақтап, қысым кезінде дұрыс шешім қабылдай біледі.
Психологтар бұл қасиеттердің ойын барысында қалыптасатынын айтады. Компьютерлік және консольдік ойындар жағдайды тез талдауға, жылдам әрі нақты шешім қабылдауға, жанжал кезінде ортақ мәмілеге келуге көмектеседі екен.