10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

2025 жылдың үздік киберспортшысы кім?

Сарапшы, спорт журналисі
05.01.2026, 13:40

Қазақстандық жұлдыз Данил Голубенконың қай орынға жайғасатыны әзірге белгісіз. 

cybersport.ru

Желтоқсан айының соңында HLTV.org порталы Counter-Strike 2 ойыны бойынша 2025 жылдың үздік 20 киберспортшысын жариялауды бастады. Әзірге үздік үш ойыншының есімі белгісіз. Олар 10 қаңтарда өтетін HLTV Awards 2025 марапаттау рәсімінде жарияланады. Салтанатты шара Сербияның Белград қаласында өтеді. Бұл жолы алғаш рет көрермендердің қатысуымен ұйымдастырылады.

Тізім қалай жарияланады?

HLTV.org дәстүр бойынша рейтингті 20-орыннан бастап біртіндеп жариялай бастады. 20-орын — 24 желтоқсанда белгілі болды. Осылайша, күніне бір ойыншыдан жарияланып отыр. Сәйкесінше, ең үздік үштік 10 қаңтарда анықталады.

2025 жылғы топ-20-ға енген белгілі ойыншылар

Қазіргі таңда тізімде аттары аталған киберспортшылар:

  1. Kaike KSCERATO Cerato
  1. Lotan Spinx Giladi
  1. Russel Twistzz Van Dulken
  1. William mezii Merriman
  1. Azbayar Senzu Munkhbold
  1. Ismailcan XANTARES Dörtkardeş
  1. Marek YEKINDAR Gaļinskis
  1. Dorian xertioN Berman
  1. Ádám torzsi Torzsás
  1. Nikola NiKo Kovač
  1. Ivan iM Mihai
  1. Valeriy b1t Vakhovskiy

Ал үздік үштікке кіретін ойыншылардың есімі әзірге құпия сақталуда.

Айта кетейік, HLTV рейтингі — CS сахнасындағы ең беделді марапаттардың бірі. Ол ойыншылардың жеке статистикасын, турнирлердегі нәтижелерін және жыл бойғы тұрақтылығын ескере отырып жасалады.

Реклама
Реклама