Реклама
Реклама

Алғаш рет! Қазақстандық футболшы әйгілі FC26 ойынында пайда болады

Сарапшы, спорт журналисі
16.01.2026, 08:55

Оның ойындағы карточкасы жасанды интеллект көмегімен жасалған. 

playstation.com

Қазақстан ұлттық құрамасының және шотландиялық «Хартс» клубының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков компьютерлік FC26 ойынында пайда болады. Бұл туралы журналист Александр Троицкий хабарлады.

Ислам Чесноков FC26 ойынында пайда болатын алғашқы қазақстандық футболшы атанбақ. Оның ойындағы карточкасы жасанды интеллект көмегімен жасалғаны белгілі болды.

«FC26 ойынында Ислам Чесноковтың карточкасы болады. Ол осы маусымда ойында көрсетілген алғашқы қазақстандық футболшы. Жалпы рейтингі — 65, бұл күміс карточканың ең төменгі көрсеткіші», — деп жазды Троицкий өзінің телеграм-арнасында.

Фото: sports.kz

Карточка параметрлері

Журналистің айтуынша, ойыншының нақты параметрлері әлі жарияланған жоқ. Сонымен қатар ол карточканың кейбір көрсеткіштері өзгертілуі мүмкін екенін де атап өтті:

«Қорғаныс көрсеткішін азайтып, соққы параметрін арттыруға болар еді. Бірақ әзірге асықпай, ресми нұсқасын күтейік», — деді ол.

Айта кетейік, Шотландия чемпионатында көш бастап тұрған «Хартс» құрамында әзірге бірде-бір «алтын» карточка иесі жоқ.

Ислам Чесноков 7 қаңтарда ресми түрде «Тобылдан» «Хартсқа» ауысты. Ол Шотландия Премьер-Лигасының тарихындағы алғашқы қазақстандық футболшы атанды. Қазіргі уақытта ол команда құрамына екі матчта енгенімен, алаңға әлі шыққан жоқ.

Реклама
Реклама