Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Нобель лауреаты ұзақ өмір сүрудің сырын бөлісті

Сарапшы, спорт журналисі
07.04.2025, 10:51

доктор Венкатраман Рамакришнан ұзақ өмір сүрудің үш негізгі қағидаты бар дейді. 

ru.sputnik.kz
Реклама
Реклама

Денсаулық пен ұзақ өмір – көптің арманы. Осы жолда жұрттың дені түрлі тағамдық қоспалар мен дәрілерге иек артып жатады. Алайда, Нобель сыйлығының иегері, 2009 жылы химия саласы бойынша марапатқа ие болған доктор Венкатраман Рамакришнан ұзақ өмір сүрудің үш негізгі әрі тиімді тәсілі барын айтады. Олар – ешқандай қоспасыз, әр адамның қолынан келетін қарапайым әрекеттер: дұрыс тамақтану, тұрақты қозғалыс және сапалы ұйқы.

1. Дұрыс тамақтану

Ғалымның айтуынша, көкөністер мен жемістер, пайдалы майлар (мысалы, зәйтүн майы, балық майы) қартаю үдерісін баяулатып, ағзаның жасушалық деңгейде қалпына келуіне ықпал етеді. Ал құрамында өңделген өнімдер жасушаларды зақымдап, қартаюды жеделдетеді.

2. Физикалық белсенділік

Рамакришнан физикалық жүктемелердің тек жүрек-қан тамырларын ғана емес, бүкіл ағзаны нығайтатынын атап өтті. Зерттеулер көрсеткендей, орташа деңгейде спортпен айналысу және сол кезде D дәрумені мен омега-3 қышқылдарын ішу созылмалы аурулар қаупін азайтады.

3. Сапалы ұйқы

Түнгі 7–9 сағат ұйқы – ұзақ өмір сүрудің тағы бір маңызды факторы. Ұйқы жетіспеушілігі мидың жұмысына, көңіл-күйге және иммунитетке кері әсерін тигізеді. Ал тыныққан дене мен ми ағзаны қалпына келтіріп, күнделікті күйзелістермен күресуге көмектеседі.

Әлеуметтік орта – жасырын ресурс

Ғалым жалғыздық пен әлеуметтік оқшауланудан аулақ болу да ұзақ өмір сүруде үлкен рөл атқаратынын айтты. Отбасы мен достар ортасындағы өмір, қолдаудың болуы – адамның өмір сүруге деген мотивациясын арттырады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары