Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Күн жылына бастады: кене шақса не істеу керек?

Сарапшы, спорт журналисі
31.03.2025, 23:15

Мамандар саябақтар мен орманды аймақтарда қауіпсіздік шараларын ұмытпауға кеңес береді. 

BAQ.KZ
Реклама
Реклама

Көктем келіп, күн жылына бастаған шақта табиғатта серуендеу көпшілік үшін сүйікті әдетке айналады. Осы ретте мамандар саябақтар мен орманды аймақтарда қауіпсіздік шараларын ұмытпауға кеңес береді, деп хабарлайды Massaget.kz.

Кене шаққан жағдайда не істеу керек?

Алматы қаласындағы №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімінің меңгерушісі Магадин Хайроев келесі кеңестермен бөлісті:

"Өз денеңізден немесе балаңыздың денесінен кене тапсаңыз, өздігіңізден алып тастауға тырыспаңыз. Дереу тіркелген жеріңіздегі тәулік бойы жұмыс істейтін аурухананың травматология бөлімшесіне барыңыз", – дейді дәрігер.

Медициналық көмек пен вакцина

Мамандар кене денеден медициналық жолмен алынуы тиіс екенін айтады. Бұл кезде:

  • Кене зақымсыз алынады
  • Науқасқа кене энцефалитіне қарсы вакцина егіледі
  • Қосымша зертханалық тексерулер жүргізілуі мүмкін

Кене энцефалиті қандай ауру?

Кене энцефалиті – адамның жүйке жүйесіне әсер ететін өте қауіпті вирустық инфекция. Оның негізгі белгілері:

  • Жоғары температура
  • Дененің улану белгілері (интоксикация)
  • Бас ауруы және неврологиялық бұзылыстар

Алдын алу шаралары

  1. Ашық ауада жүргенде жабық киім киіңіз
  2. Шалғын мен бұталы жерлерде серуендегеннен кейін денеңізді мұқият тексеріңіз
  3. Балаларды жиі бақылаңыз
  4. Қауіп туындаған жағдайда дереу медицина мамандарына жүгініңіз
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары