Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Бешікташ" пен Зайнутдинов төңірегіндегі дау: Не болды және кім жауап береді?

Редактор Penalty.kz
08.04.2025, 08:21

Түркия футбол федерациясы (TFF) Ыстамбұлдың "Бешікташ" клубының президенті Сердал Адалуға қатысты ресми шешім қабылдады. 

muhalif.com.tr
Реклама
Реклама

Федерация басшыны клубтың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланған мәлімдемелері үшін жауапкершілікке тартты. Нәтижесінде Адалу 1,5 миллион түрік лирі (шамамен 20 миллион теңге) көлемінде айыппұл төлейді және 45 күнге футбол қызметіне араласу құқығынан айырылды.

"Қара қырандар" лақап аты бар "Бешікташ" клубы жалпы сомасы 2 952 000 лирге (яғни шамамен 40 миллион теңге) айыппұл арқалады. Бұл шешім "Бешікташ" — "Галатасарай" арасындағы матч кезінде алаңдағы оқиғалар мен команданың спортқа жат қылығы үшін шығарылды.

Айта кетейік, "Бешікташ" сапында Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсетеді. Сондықтан бұл жаңалық қазақ футбол жанкүйерлерінің назарынан тыс қалмады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары