Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Дастан Сәтпаевтың хет-тригін "Челси" назардан тыс қалдырмады

Редактор Penalty.kz
07.04.2025, 19:28

Алматылық "Қайраттың" шабуылшысы Дастан Сәтпаев Қазақстан Премьер-Лигасындағы кезекті ойынында жарқырай көзге түсті. "Атырауға" қарсы өткен матчта (4:1) екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді. 

vesti.kz
Реклама
Реклама

Ағылшын жанкүйерлері бірден назар аударды

Сәтпаевтың жарқын ойынына алғашқылардың бірі болып Англиядағы “Chelsea Loan Army” аккаунты (бұрынғы Twitter, қазіргі X) назар аударды. Бұл парақша лондондық клубпен байланысы бар футболшылардың ойынын тұрақты бақылап отырады.

“Қазақстан чемпионатындағы небәрі екінші ойында Дастан Сәтпаев екі гол мен бір ассист жасады”, — делінген жарияланымда.

“Челсимен” келісімшарт бар — бірақ жол “Қайрат” арқылы өтеді

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев қазір “Челси” клубымен келісімшартқа отырған. Бірақ 18 жасқа толғанға дейін ол кәсіби тәжірибесін “Қайрат” сапында жинайды. Жас футболшы ел чемпионатында сенімді ойын көрсетіп, ересектер арасындағы додаға бейімделіп үлгергенін дәлелдеп жатыр.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары