Қазақстан құрамасы Еуро-2025 іріктеу кезеңін тең нәтижемен аяқтады

Редактор Penalty.kz
07.04.2025, 16:41

Қыздар арасындағы 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Қазақстанның 19 жасқа дейінгі әйелдер құрамасы соңғы кездесуін өткізді. Бұл жолы Мальта құрамасымен сырт алаңда ойнап, матч 0:0 есебімен аяқталды.

NUR.KZ

Алғашқы таймда қос тарап бір-бірінің қақпасын ашуға тырысқанымен, нақты сәттер аз болды. Екінші таймда да гол соғылмады. Осылайша матч тең нәтижемен аяқталды.

Бұл нәтижеден кейін Қазақстан құрамасы В3 тобының соңында, төртінші орында қалды. Команда:

  • 1 матчта тең түсіп,
  • 2 кездесуде жеңіліп,
  • барлығы 1 ұпай жинады.

Бұл топта Қазақстаннан бөлек Мальта, Косово және Латвия құрамалары бақ сынады. Косово мен Латвия арасындағы соңғы ойын 7 сәуір күні, Астана уақытымен 17:30-да өтеді.

Қыздар арасындағы Еуро-2025 финалдық кезеңі 15-27 маусым аралығында Польшада өтеді. Ең мықты командалар осы сында кездесіп, Еуропа чемпионы атағы үшін таласады.