Шешім облыс прокуратурасының ұсынысы негізінде қабылданған.
"Атырау" футбол клубы ресми түрде мемлекет меншігіне өтті. Бұл туралы Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады. Шешім облыс прокуратурасының ұсынысы негізінде қабылданған.
Футбол клубы қайтадан бюджет қаржыландыруының аясында жұмыс істемек.
«Бұл дегеніміз — клубтың бас менеджері Дидар Сыдықбекке әкімдік тарапынан қарыздарды жабуға нақты көмек көрсетілмек. Алайда бұл мүмкіндік тек бір шартпен ғана жүзеге асатын еді — "Атырау" ФК қайтадан қалалық әкімдік балансына өтуі керек болатын. Әйтпесе, әкімдік өкілдері қаланың футбол өміріне қатысуға ниет білдірмеген. Бұл шешім клуб басқару тиімділігін арттыру мақсатында қабылданды», – делінген "Тотальный футбол KZ" телеграм арнасында.
Айта кетейік, соңғы жылдары "Атырау" футбол клубының қаржылық жағдайы мәз емес еді. Қарыз мәселесі бар-тын. Мемлекет меншігіне өту арқылы бұл түйткілді шешу көзделіп отыр. Жалпы, "Атырау" 2018 жылдан бері
Еске салайық, 2018 жылдың ақпан айынан бастап клуб «Атырау» кәсіпқой спорт клубы» қоғамдық қорының сенімгерлік басқаруында болды.