Әлемдегі ең үздік шабуылшылар триосы анықталды

Редактор Penalty.kz
09.04.2025, 14:36

Жуырда Goal басылымы осындай рейтинг жасап шықты. 

sports.ru

Goal порталы ХХІ ғасырдың ең мықты шабуылшылар үштігінің рейтингін жариялады. Тізімге әлем футболының тарихында ерекше із қалдырған әйгілі шабуылшылар тобы енген. Аталған басылым нұсқасы бойынша көш басында Месси – Суарес – Неймар (Барселона, Испания) триосы тұр. 

“Бұл үштік өзара үйлесімді ойын, әсерлі голдар және көптеген титулдармен есте қалды. Олардың ойыны клубты тарихи жетістіктерге жеткізді”, – деп жазады портал. 

Қалған үздіктер:

2. Бензема – Бэйл – Роналду (Реал Мадрид, Испания)
Зидан баптаған кезеңде УЕФА Чемпиондар лигасында үстемдік еткен үштік.

3. Анри – Это′О – Месси (Барселона, Испания)
Пеп Гвардиола дәуіріндегі Барселонаның негізгі шабуыл желісі.

4. Роналду – Тевес – Руни (Манчестер Юнайтед, Англия)
Сэр Алекс Фергюсонның кезінде «қызыл сойқандардың» шабуыл күші.

5. Салах – Фирмино – Мане (Ливерпуль, Англия)
Юрген Клопптың «прессингке» құрылған жүйесінің басты элементтері.

6. Пирес – Бергкамп – Анри (Арсенал, Англия)
«Жеңіліссіз маусым» авторлары – 2003/04 жылғы Арсенал құрамындағы аңыздар.

Фото: dzen.ru

7. Мбаппе – Кавани – Неймар (ПСЖ, Франция)
Француз клубының шабуылдағы жарқын үштігі.

8. Педро – Азар – Диего Коста (Челси, Англия)
Премьер-лигада қарсыластарына зәресін салған трио.

9. Гетце – Левандовски – Ройс (Боруссия Дортмунд, Германия)
Юрген Клопп кезіндегі жарқ еткен неміс шабуылы.

10. Халк – Фалькао – Варела (Порту, Португалия)
Португалия чемпионаты мен Еуропа лигасында жарқыраған трио.