Роналдуға қомақты ақша төлеуге ниетті клуб анықталды

Редактор Penalty.kz
10.04.2025, 08:27

Бес дүркін "Алтын доп" иегері, португалиялық супержұлдыз Криштиану Роналду 2025 жылғы жазда клубын өзгертуі мүмкін.

idman.biz

Сауд Арабиясының қазіргі чемпионы "Әл-Хиляль" футбол клубы Криштиану Роналдуды өз сапына қосу үшін барын салуға дайын. Клуб басшылығы Роналдудың келуі 2025 жылғы Клубтық Әлем чемпионатына дайындық аясында жүзеге асуы керек деп санайды.

"Әл-Хиляль" басшыларының пайымынша, Роналдудың трансфері клубтың халықаралық беделін айтарлықтай арттырады.

Қазір "Әл-Наср" клубында ойнап жүрген Криштиану Роналдудың келісімшарты 2025 жылдың жазында аяқталады. Сол уақытқа қарай португалиялық шабуылшы өз мансабында жаңа кезең бастауға дайын екендігін білдіруде. Оның басты мотивациясы — Клубтық чемпионатқа қатысу мүмкіндігі.
Жақында берген сұхбатында Криштиану Роналду каталониялық "Барселонаға" ауысуға шақ қалғанын да айтып өтті. Алайда ол кезеңде келіссөздер жүзеге аспай қалған.