Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Зайнутдиновтың мансабы аяқталуы мүмкін бе? Түркиялық БАҚ жағымсыз жаңалық таратты

Редактор Penalty.kz
12.04.2025, 18:29
Vesti.kz
Реклама
Реклама

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы және Түркияның «Бешикташ» клубының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтың футболдағы болашағы бұлыңғыр. Бұл туралы Спорт жайлы телеграм-арнасы түркиялық БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады. Жерлесіміз жарақатына байланысты соңғы 2,5 айда алаңға шыққан жоқ, деп жазады түрік журналисі Серкан Дикме.

Сіңір аймағындағы ісіну

Серкан Дикменің айтуынша, Бақтиердің жарақаты оңай жазыла салатын жарақат емес. Қазіргі таңда сіңір аймағында ісіну бары анықталған. Жақын күндері толық медициналық тексеруден өтіп, жарақаттың нақты сипаты мен қалпына келу мерзімі белгілі болады.

Алайда журналист футболшының мансабына қауіп төндіретін факторлар бар екенін де жасырмайды. Бұл ақпарат жанкүйерлер мен сарапшылар арасында алаңдаушылық туғызды.

Ұлттық құраманың тірегі

Бақтиер Зайнутдинов – Қазақстан ұлттық құрамасының үздік ойыншыларының бірі. Ол бұған дейін Ресейдің ЦСКА командасында ойнап, 2023 жылы Түркияның грандтарының бірі «Бешикташқа» ауысқан еді. Оның еңбекқорлығы мен әмбебап ойыны командаларында жоғары бағаланған.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары