Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Бірінші лигада ойнағым келмейді" - Бауыржан Тұрысбек Медиалигаға ауысты

Сарапшы, спорт журналисі
18.04.2025, 19:21

Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек кәсіби футболдан кейін Медиалигада өнер көрсететінін мәлімдеді.

sputnik.kz
Реклама
Реклама

33 жастағы Бауыржан Тұрысбек ресейлік Медиалигамен келісімге келіп, енді ”ВПОРЯДКЕ” командасының сапында өнер көрсетеді. Бұл туралы ол Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты:

“Енді мен Медиалигадамын. Ресейлік жоба. Өздері шақырды. Кәсіби футболмен қоштастым ба? Әлі нақты білмеймін. Әзірге менің таңдауым МФЛ-ге түсті. Бірінші лигада ойнағым келмейді: тек Премьер-лига болса ғана...», – деді шабуылшы.

Бауыржан Тұрысбек қазақстандық футбол жанкүйерлеріне жақсы таныс шабуылшы. Ол өз мансабында келесі клубтарда ойнады:

  • Қазақстанда: “Сұңқар”, “Спартак” (Семей), “Жетісу”, “Қайрат”, “Тобыл”, “Шахтер”, “Тараз”, “Атырау”, “Хан-Тәңірі”, “Ұлытау”;
  • Шетелде: “Раднички” (Сербия).

ҚПЛ-де жалпы 184 матч өткізіп, 28 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген.

Ұлттық құраманың да ойыншысы болған

2017–2019 жылдары Тұрысбек Қазақстан ұлттық құрамасына шақыртылып, 14 матч өткізіп, 3 голмен көзге түсті.

MFL.life мәліметінше, “ВПОРЯДКЕ-КРАП-ТИМ” құрамында Тұрысбектен бөлек Қазақстан құрамасының экс-футболшылары – Ермек Қуантаев, Сергей Скорых және Магомед Парагульгов бар.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары