25 сәуірде Астанаға Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) Президенті Александер Чеферин ресми сапармен келеді.
Сапар аясында ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) басшылығымен кездесулер өткізеді.
Бұл ресми іссапар Қазақстан футболы күніне орайластырылған. Сарапшылардың айтуынша, УЕФА басшысының келуі Қазақстан мен Еуропа футбол қауымдастығы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда маңызды қадам болмақ.
Кездесулер барысында келесі мәселелер күн тәртібінде болады:
УЕФА — Еуропа және ішінара Азия құрлығындағы футболды басқаратын басты спорттық ұйым. Ол клубтық және ұлттық деңгейде өтетін чемпионаттар мен турнирлердің ұйымдастырушысы ретінде танымал.