Наурыздың нағыз қаһармандары: Бабаян, Томасов және Сәтпаев!

Редактор Penalty.kz
28.04.2025, 22:40

Жуырда өткен айдың үздіктері кім екені анықталды. 

runasport.com

Қазақстан Премьер-Лигасының (ҚПЛ) наурыз айындағы үздіктері ресми түрде жарияланды.

Үздік бапкер – Григорий Бабаян

"Астана" футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян наурыз айында "Айдың үздік бапкері" атағына ие болды. Оның жетекшілігіндегі астаналықтар 3 матч өткізіп, екеуінде жеңіске жетсе, біреуінде тең нәтижеге қол жеткізді. Бұл көрсеткіш команданың тұрақты өнер көрсетуін және маусым басындағы сенімділігін дәлелдеді.

Үздік ойыншы – Марин Томасов

"Астана" шабуылшысы Марин Томасов наурыз айының "Үздік ойыншысы" атанды. Хорватиялық футболшы ай бойы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 4 гол және 1 нәтижелі пас авторы атанды. Оның тамаша формасы "Астананың" көшбасшылық орнын сақтап қалуына үлкен үлес қосты.

Үздік жас ойыншы – Дастан Сәтпаев

Алматылық "Қайраттың" жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев "Айдың үздік жас ойыншысы" атанды. 16 жастағы талантты футболшы 1 гол соғып, тағы 1 нәтижелі пас беріп, өзінің жарқын ойынымен көзге түсті. Айта кетейік, Дастан жуырда Лондонның "Челси" клубымен келісімшарт жасасатыны белгілі болды.