Карло Анчелотти Бразилия құрамасын жаттықтырады

Редактор Penalty.kz
29.04.2025, 10:33

Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Карло Анчелотти Испания чемпионатының 2024/2025 жылғы маусымы аяқталғаннан кейін Бразилия ұлттық құрамасының тізгінін қолға алады. 

sports.ru

Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, Карло Анчелотти мен Бразилия футбол федерациясы арасында ауызша келісім жасалған. Осы келісімге сәйкес, италиялық маман 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін Әлем чемпионатына дейін құрамаға басшылық етеді. Анчелотти маусым айында ресми түрде қызметіне кіріседі. Бұл уақытта мадридтік клуб клубтық әлем чемпионатына дайындықты бастайды.

Испандық басылымдардың хабарлауынша, "Реал" мен Анчелотти арасында жылы қоштасу рәсімі өтеді. Одан кейін ресми келісімдер мен құжаттық рәсімдер басталады.

33 турдан кейін мадридтік "Реал" Ла Лига кестесінде екінші орында тұр. Команда 72 ұпай жинады. Алдағы турда Карло Анчелоттидің шәкірттері "Сельтамен" кездеседі.