Катар құрамасы Өзбекстанға қарсы матч қарсаңында бас бапкерін ауыстырды

Редактор Penalty.kz
02.05.2025, 20:55

Катар футбол федерациясы құраманың жаңа бас бапкері ретінде испаниялық маман Хулен Лопетегиді тағайындады. Бұл шешім 10 маусым күні Ташкентте өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі шешуші матч қарсаңында қабылданды.

irishexaminer.com

Испаниялық жаттықтырушы Катар құрамасын 2027 жылға дейін жаттықтырады. Бұл өзгеріс Катардың алдағы маңызды кездесуге ерекше дайындықпен кірісіп отырғанын көрсетеді.

58 жастағы Хулен Лопетеги – Еуропалық футболда жақсы танымал маман. Ол бұған дейін:

  • "Реал Мадрид", "Севилья", "Райо Вальекано" секілді испаниялық клубтарды,

  • Ағылшын Премьер-лигасында "Вулверхэмптон" мен "Вест Хэмде" жұмыс істеді.

Сонымен қатар Лопетеги Испания жастар құрамасы мен ұлттық құрамасын да басқарған тәжірибелі бапкер.

ФОТО: thepeninsulaqatar.com

2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу аясында Катар мен Өзбекстан құрамалары арасындағы ойын топтағы шешуші кездесу болмақ. Ойын 10 маусымда Ташкентте өтеді.