Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Максим Самородовтың голы "Ахматқа" тең нәтиже әкелді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
04.05.2025, 20:50

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов өнер көрсететін "Ахмат" Ресей Премьер-Лигасының 27-турында ЦСКА-ға қарсы ойында 1:1 есебімен тең түсті.

rbc.ru
Реклама
Реклама

Грозныйдағы матчтың алғашқы минуттары қарқынды басталды. 9-минутта ЦСКА ойыншысы Секу Койта қонақтарды алға шығарды. Алайда 33-минутта Максим Самородов қарсыластың қақпаның саңылауын тауып, "Ахмат" таразы басын теңестіріп кетті. 

Үзілістен кейін есеп өзгермеді. 84-минутта Самородов алаңнан ауыстырылды. Қалған уақытта қос команда бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен нәтиже өзгеріссіз қалды.

Бұл тең нәтижеден кейін ЦСКА 52 ұпаймен РПЛ кестесінде үшінші орынға көтерілді. Ал "Ахмат" өз көрсеткішін жақсартып, 13-орынға жайғасты. Қазір грозныйлық клубтың еншісінде 24 ұпай бар.
Максим Самородов осы маусымда барлығы 27 матчқа қатысып, 7 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары