Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Зайнутдиновтың "Бешікташы" дербиде сенсациямен жеңді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
05.05.2025, 00:19

Түркия Суперлигасының 34-турында футбол жанкүйерлері күтпеген сенсацияға куә болды. "Бешікташ" Ыстамбұлда басты қарсыласы "Фенербахчені" жеңді.

turkiyetoday.com
Реклама
Реклама

Матч фавориті боп "Фенербахче" есептелген. Шешуші сәт бірінші таймның соңында болды. 44-минутта Жедсон Фернандеш жеңіс голын соғып кетті. Айта кету керек, осы ойынның 36-минутында сол Жедсон пенальтиден мүлт кеткен еді. Соған қарамастан ол команданың басты қаһарманы атанды.

Бұл ойынға Бахтиёр Зайнутдинов қатыспады. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы жарақатына байланысты "Бешікташтың" құрамына енбеді. Оның қайта қатарға қашан қосылатыны әзірге белгісіз.

Бұл жеңістен кейін Сульшердің ұжымы 55 ұпай жинап, Түркия Суперлигасының турнирлік кестесінде төртінші орынға жайғасты. Ал "Фенербахче" 75 ұпайымен екінші орында қалды. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары