Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Еуропадан Қазақстанға оралуы мүмкін.
Инсайдерлік ақпараттармен танымал "Серый CARDINAL" телеграм-арнасы Данияның "Силькеборг" клубында ойнап жүрген ойыншының "Ақтөбеге" ауысуы мүмкін екенін жазды.
"Біздің дереккөздеріміз осыдан бір ай бұрын-ақ Қазақстан құрамасының шабуылдаушы жартылай қорғаушысы "Ақтөбеге" оралғысы келетінін айтқан. Ол "Силькеборгте" алаңға жиі шығу мүмкіндігінің аздығына көңілі толмай жүр. Футболшы тұрақты ойнағысы келеді. Қазір бұл трансферге ешқандай кедергі жоқ. Жазда жүзеге асуы мүмкін", – делінген хабарламада.
Рамазан Оразов жайлы қысқаша: