Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Шавкат Рахмонов UFC титулынан уақытша шеттетілді

Сарапшы, спорт журналисі
08.05.2025, 11:37

Қазақстандық жанкүйерлер үміт артқан Шавкат Рахмонов қазір UFC титулы үшін таласқа түсе алмайды. Бұл туралы танымал Athlon Sports басылымы мәлім етті. Олардың пікірінше, жартылай орта салмақтағы басты фавориттердің бірі болғанына қарамастан Рахмонов жақын арада чемпиондық жекпе-жекке шыға алмайды.

BaigeNews.kz
Реклама
Реклама

Тізе жарақаты басты кедергіге айналды

Рахмонов қазіргі кезде тізе байламының жыртылуынан кейін оңалту кезеңінен өтіп жатыр. Бұл жарақат UFC 310 турнирінде болған. Спортшының шаршы алаңнан уақытша кетуі оның титул үшін таластағы мүмкіндігін төмендетті.

Иэн Мачадо Гэрри — жаңа үміткер

Шавкаттың бұрынғы қарсыласы Иэн Мачадо Гэрри белсенді әрекетке көшті. Ирландиялық файтер 11 мамырда өтетін Белал Мухаммад пен Джек Делла Маддалена арасындағы басты жекпе-жекте қосалқы спортшы ретінде қатысуға дайындалып жатыр. Ол қазір Канадада, UFC 315 турниріне салмақ өлшеуге дайындалуда.

"Иэн Мачадо Гэрридің жоспары айқын: тек титулдық жекпе-жек немесе мүлде ештеңе", — деп жазады Athlon Sports.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары