Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Астана" жаңа заңнан кейін "Баварияның" жолымен жүргісі келеді

Редактор Penalty.kz
16.05.2025, 09:40

"Астана" ФК неміс тәжірибесіне көз тастайды. 

qfl.kz

"Астана" клубының бас директоры Қайсар Бекенов YouTube-арнасындағы "Sport+" бағдарламасына берген сұхбатында легионерлерге қатысты жаңа заңның қабылдануынан кейінгі үміттерімен бөлісті. Бұл заң Қазақстан футболындағы айтарлықтай өзгерістерге жол ашып отыр.

Легионерлерге қаржы бөлу ережесі өзгерді

Қазақстанда жаңа заңға сәйкес, енді шетелдік ойыншылардың жалақысы мемлекеттік бюджет есебінен төленбейді. Яғни, клубтар легионерлерді тек қосымша табыс көздері — демеушілік, жарнамалық келісімдер мен турнирлік жүлделер арқылы қаржыландыруы тиіс. Бұл шешім ішкі чемпионаттағы ойыншылардың бағасына және трансферлік саясатқа әсер етпек.

"Баварияның" үлгісі: "Астана" барлық жұлдыздарды жинай ма?

Қайсар Бекенов бұл тақырыпқа қатысты былай деді:

"Германияда “Бавария” Бундеслигадағы ең мықты ойыншыларды сатып алып, бәсекелестерін әлсіретіп отырады. Бізде де сондай мүмкіндік болса дейміз. Бірақ бұл тек арман. “Қайрат”, “Ақтөбе” сынды клубтар өз ойыншыларын оңайлықпен бере қоймайды. Оған қомақты қаржы қажет. Жаңа заңнан кейін отандық футболшылардың жалақысы өседі деп ойлаймын. Оның үстіне, Қазақстанда футболшы таңдауы да шектеулі".