Қазақстан Премьер-Лигасының 9-турында Жезқазғанда "Ұлытау" "Астанамен" кездесті.
Елордалық командасы алғашқы таймда бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен есеп аша алмады. Бұл жерде қақпашы Дмитро Непогодовтың тамаша сейвтері шешуші рөл атқарды.
Екінші таймда қонақтар дегендеріне жетті. Алдымен Назми Грипшидің алыстан бағыттаған добынан кейін таблодағы есеп өзгерді. Ал қосымша уақытта Станислав Басманов нүкте қойды.
Осы нәтижеден кейін “Астана” 21 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. “Ұлытау” бар болғаны 2 ұпаймен соңғы орында келеді.
“Ұлытау” — “Астана” 0:2 (0:0)
Голдар: Грипши 82 (0:1), Басманов 90+4 (0:2).