Тепкеннің бәрі гол. "Тобыл" ел чемпионатында 18:0 есебімен тас-талқан жеңілді (ВИДЕО)
22.05.2025, 22:28
Қазақстан әйелдер футбол чемпионатының 7-турында "БИІК-Шымкент" командасы Қостанайда "Тобылды" 18:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұл – маусымдағы ең ірі есептердің бірі.
instagram/@wfc_biik_shymkent
Матч барысы және гол авторлары
"БИІК-Шымкент" құрамынан бірнеше ойыншы жарқырай ойнап, нәтижелі ойын көрсетті:
- Блессинг Кеня Оволаби — хет-трик
- Камила Құлмағамбетова — хет-трик
- Гүлнәр Габелия — хет-трик
- Ванесса Мбино Чекупиа — дубль
- Бибігүл Нұрышева, Хэйли Кэтрин Роджерс, Александра Бурова, Марта Аппиа, Ксения Хайрулина, Аша Жасмин Джеймс, Фатима Сатығалиева — бір-бір голдан автор атанды.
Бұл шабуылшылардың үйлесімді ойыны мен тактикалық басымдық командаға жеңісті оңай алып келді.
Турнир кестесіндегі жағдай
Жеті турдан кейін "БИІК-Шымкент" әйелдер лигасының көшін бастап тұр. Ал "Тобыл" кестенің төменгі жағында, нақтырақ айтқанда 10-орында орналасқан.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама