"Реал" Қазақстанда футбол академиясын ашпақ – Ермұхаммед Мәулен (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
23.05.2025, 06:15

Алайда, бұл академияда оқу үшін айтарлықтай кедергі бар. 

regnumhotels.com

"ЖБ шоуының" кезекті шығарылымында танымал спорт комментаторы Ермұхаммед Мәулен көпшілікті елең еткізер жаңалықпен бөлісті. Оның айтуынша, әлемнің әйгілі клубы – "Реал Мадрид" Қазақстанда өз академиясын ашуға ниетті.

"Реал" Қазақстанды таңдайды

Эфир барысында Ермұхаммед Мәулен нақты мәлімдеме жасады:

"Реал Мадрид" футбол клубы академиясын ашайын девп жатыр Қазақстанның территориясында. Барынша дамыған мемлекет осы жер. Футбол дамып жатыр. Өзі Европада, территориясы Азияда. Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан - бәрінің реалдың фанаттарының барлығы сонда келіп ойнайды", – деді Ермұхаммед Мәулен. 

Қырғызстан — "Барса", Қазақстан — "Реал"?

Мәуленнің айтуынша, "Барселона" академиясын Қырғызстанда ашып үлгерген. Ал енді "Реал Мадрид" дәл осы аймақта өз академиясын Қазақстанда орналастыруды жөн көріп отыр. Бұл — Орталық Азиядағы футбол экожүйесіне үлкен серпіліс беруі мүмкін жоба.

Бір проблема бар

Алайда, комментатор бір маңызды кедергіні де атап өтті:

"Бірақ бір проблемасы бар — жылына 30 мың АҚШ долларын төлеуіңіз керек." 

Бұл – орташа табысы бар қазақстандық отбасы үшін қолжетімсіз қаржы. Дегенмен, футболдың коммерциялық моделіне сай мұндай академиялар әлем бойынша көбіне ақылы негізде жұмыс істейді.