Әйелдер арачында УЕФА Чемпиондар лигасының финалында Лондонның "Арсеналы" тарихи жеңіске жетті. Португалиядағы "Жозе Алваладе" стадионында өткен шешуші ойында ағылшын ұжымы "Барселонаны" 1:0 есебімен жеңіп, Еуропаның басты клубтық турнирінде екінші рет чемпион атанды.
Кездесудің 75-минутында Швеция құрамасының шабуылшысы Стина Блэкстениус шешуші соққы жасап, командасына жеңіс сыйлады. Осы гол турнирдің тағдырын шешті.
"Арсенал" бұл турнирде алғаш рет 2007 жылы жеңіске жеткен. 18 жылдан кейін Лондон командасы Еуропа биігіне қайта шықты.
Ал "Барселона" бұған дейін үш мәрте Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған: 2021, 2023 және 2024 жылдары.
Каталониялық клуб бұл жолы финалда тоқтап қалды.
Айта кетейік, ерлер арасындағы Чемпиондар лигасының финалы 31 мамыр күні өтеді. Бұл матчта ПСЖ мен "Интер" Еуропа кубогын сарапқа салады.